Аималь (Ауғанстан): - Ауғанстандық
жасөспірім
Аималь
Кандагарда
тұратын. Ол мемлекеттік құрылыс компаниясына
аудармашы болып жұмысқа тұрып, қарапайым елеусіз
тіршілік кешіп жатты. Ол өз елінде бейбіт өмірдің
жоқтығына көндігіп кеткен, бірақ оған және оның
отбасына бұл мәселе ешқашан кедергі келтірген емес.
Бір күні Аимальдың үйіне «Талибан» жауынгерлері
келді.
Олар
жас
жігітті
іздеп,
мемлекетпен
ынтымақтастықта жұмыс істегені үшін оны өлтірмекші
болды. Аималь елден қашып шығуға бел буды. Ол
Будепештке келді, одан ары Германияға жол тартпақшы.
Германияда туысқандары тұрады. Бастысы, ол жақта
алаңсыз жұмыс істеуге болады. Ол соғыссыз бейбіт өмір
сүргісі келеді, түнде «Талибан» келіп тұрмайтынын
біліп, алаңсыз өмір сүргісі келеді.