216
Сабақты
ң ортасы
Оқу жылының барлық материалдары бойынша «Жаңа
Қазақстанның жеті қыры» атты Қазақстан дамуының форсайтын
әзірлеңдер
.
Форсайт (foresight) – бұл
болашақтың қалаулы бейнесін
құру технологиясы.
Егер болжау – бұл тәжірибелер мен бақылауларға
негізделетін
болашақты анықтау тәсілі болса, онда форсайт
кезінде адамдар белгісіз болашақты күтпейді,
олар осы қалаулы
болашақтың бейнесі мен қол жеткізу жолдарын әзірлейді.
Ол – біз неге қол жеткізгіміз келеді, «Қалай?» және
«Қашан?» деген сұрақтарға жауап береді.
Форсайт, болашақтың «қалаулы» нұсқасының жүзеге асуы
көбінесе қазіргі уақытта қабылданған
іс-шараларға тәуелді
болатындығынан шығады, сондықтан нұсқаларды таңдау
инновациялық дамудың тиімді траекториясын қамтамасыз ететін
іс-шаралар әзірлеумен қатар жүреді.
Қазақстан болашақта қандай болуы тиіс?
Ол үшін
мемлекет, қоғам, жергілікті қоғамдастық,
әрбір
азамат не істеуі керек?
Қалаулы болашаққа қол жеткізу бойынша атқарылатын іс-
шараларды қандай ретпен жүзеге асыру қажет?
Жауаптарыңды төмендегі санаттар бойынша әзірлеңдер:
Табиғат
Қазақстан халқы, қалалары мен ауылдары
Байлығы
Техника мен технологиялар
Экономика
Ғылым және инновация
Білім беру және адам капиталы
9-сыныпқа
арналған
география
оқулығы,
атлас