Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


-тапсырма  Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып



Pdf көрінісі
бет54/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

3-тапсырма 
Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, 
географиялық сипаттамасы бойынша нысанды табыңдар 
1.
Батыстағы Мұғалжар мен шығыстағы Сарыарқаның 
арасында жатыр. 
2.
Республика аумағына оңтүстік бөлігі кіреді және 
еліміздің солтүстігі мен солтүтстік-шығысында жіңішке 
жолақ түрінде созылып жатыр. 
3.
Балқаш көлінің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстағы Жетісу 
(Жоңғар) Алатауы, оңтүстіктегі Іле Алатауы және 
батыстағы Шу-Іле таулары арасында жатыр. 
4.
Биік тау жүйесі, Қазақстан аумағына тек оңтүстік-батыс 
бөлігі кіреді. 
5.
Солтүстіктегі Жалпы Сырт, шығыстағы Жайық-Жем 
үстірттері мен оңтүстік-батыстағы Каспий теңізі 
аралығында жатыр. 
6.
Бұл биік таулы тау жүйесінің Қазақстан аумағына 
солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі кіреді. 
Солтүстіктегі Балқаш-Алакөл тауаралық жазығы мен 
оңтүстіктегі Іле өзенінің аңғары аралығында жатыр. 
7.
Республикамыздың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде 
айтарлықтай аумақты алып жатыр. Оның тек солтүстік 
бөлігі ғана Қазақстанға қарайды.
8.
Тау жүйесі солтүстіктегі Жайсаң қазаншұңқыры мен 
оңтүстіктегі Алакөл ойысы аралығында орналасқан. 
9.
Маңғыстау жартыаралы мен Арал теңізі аралығында 
жатыр. 
10.
Орталық Қазақстан аумағының көпшілік бөлігін алып 
жатыр. Батысында Торғай үстіртімен және Тұран 
ойпатымен шектеседі, ал шығысында Сауыр-Тарбағатай 
тау жүйесіне жалғасады, солтүстігінде Солтүстік Қазақ 
жазығымен, ал оңтүстігінде Бетпақдаламен және Балқаш 
көлімен шектеседі. 
11.
Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар арасында 
орналасқан.
12.
Биік таулы ел Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып 
сынып атласы 
Қазақстанның 
физикалық 
картасы


40 
жатыр. Бұл таулы елдің ең биік шыңы Қазақстанның ең 
биік нүктесі болып табылады. 
13.
Үстірт Волга мен Орал таулары аралығында орналасқан. 
Қазақстанға оның тек азғантай оңтүстік бөлігі ғана 
жатады. 
14.
Орал тауларының Қазақстандағы оңтүстік сілемдері.
15.
Батысында Сарысу өзені мен шығысында Балқаш көлінің, 
солтүстігінде Сарыарқа мен оңтүстігінде Шу өзенінің 
аралығында жатыр. 
Бұл тапсырма физикалық картамен жұмыс істей алу 
дағдысын дамытады. 
Сабақ 
соңы 
«6 қалпақ» тәсілін қолданып, Қазақстан аумағының жер 
бедерін бағалаңдар. 
Ақ қалпақ – ғалым. Оқиғаларды, цифрларды атайды. 
Сары қалпақ – оптимист. Артықшылықтарын атайды. 
Қара қалпақ – сыншы. Жағымсыз жақтарын айтады. 
Жасыл қалпақ – жасампаз. Дәстүрлі әдістерді қолданбай, 
сипаттама береді.
Қызыл қалпақ – суретші. Эмоция мен сезімдерді пайдаланып, 
сипаттама береді.
Көк қалпақ – жетекші. Нәтижені жинақтайды.
 
Рефлексия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет