26 сұрақ. Азаматтық құқықтағы мерзімнің түрлері Мерзімді кімнің бекітетіндігіне байланысты олар былайша бөлінеді:
- заңды;- келісімдік- соттық.
Заңды мерзімдер заңды және басқа да нормативті актілерде тіркеледі. Мұрагерлікті қабылдау үшін немесе одан бас тарту үшін заңмен 6 айлық мерзім беріледі. Келісімдік мерзімдер дегеніміз екі жақтың тарапынан олардың келісімімен бекітілген мерзімдер. Соттық мерзімдер дегеніміз сотпен бекітілген мерзімдер. Сот азаматтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығаруды жариялау үшін мерзім тағайындауға құқылы (АК 143 бабы).