Қр білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата17.11.2023
өлшемі47,26 Kb.
#191833
1   2   3
Байланысты:
БАЛАМАЛЫ БОЖ
Тест жұмысы., екі орамасы бар трансфарматор – Google Поиск, Электрод, Ержан ағай 6 апта
Отын-энергетикалық кешен
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді . Оның негізгі міндеті -халықты, шаруашылыктың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару (экспорт). ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылыкқ жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық кездер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді.
Сонымен қатар ОЭК — біздің еліміз үшін негізгі валюта «табушысы». Оның Қазақстан экспортындағы үлесі 3/5-тен астам.
Кешеннің табиғи негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Оған минералдық отын (мұнай, табиғи газ, көмір) мен су қоры (өзеннің құлама суының энергиясы) жатады. Біздің елімізде ядролық отынның (уран), жанғыш тақта тастың және таусылмайтын энергетикалық ресурстардың — Күн жөне жел энергиясының мол қазынасы бар.
Қазақстан отынның барланған ресурстары жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындарды алады.
Отынның әр түрінің жылу шығару қасиеті бірдей емес. Олар­ды салыстыру үшін шартты отын деген арнаулы түсінік енгізілген. 1 кг шартты отынның жану жылуы 7000 килокалорияға (кКал) немесе 29 мегаджоулге (мДж) тең. Соған байланысты 1 тонна көмірді 1 тонна шартты отынға (т.о.), мұнайды — 1,5 т ш.о., коңыр көмірді — 0,4 т ш.о., жанғыш тақта тасты 0,3 т ш.о., ал 1000 м3 табиғи газды — 1,5 т. ш.о. теңестіреді. Есептеу арқылы 1 г ш.о. орташа алғанда, 2000 кВт сағ электр энергиясына тең.
Отын-энергетика балансы — отынның әр түрлері мен өндірілген энергияның шығарылуы (кіріс) мен пайдаланылуының (шығыс) арақатынасы.
Қазақстандағы энергоресурстарды пайдалану жылдан жылға өсуде. Оның құрылымы да өзгерді: табиғи газ бен мүнайдың үлесі көбейді. Бірақ өзірге негізгі энергия көзі көмір болып саналады.Еліміздің ОЭК-і — шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты сферасы. 1990 жылдары олар кешеннін барлық салаларында — мұнай, газ, көмір, электр энергетикасы салаларында жұмыс істей бастады.Бұл қазақстандық кен орындарының ірі аумақты және өте күрделі болуымен байланысты. Оларды игеру үшін республикада қажетті технология мен қаржы болмады. Атақты фирмаларға да ондай кен орындарын бір өздері игеру күрделі болып келеді. Сондықтан олар уакытша келісімдер (консорциумдар) жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет