Қр білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата17.11.2023
өлшемі47,26 Kb.
#191833
  1   2   3
Байланысты:
БАЛАМАЛЫ БОЖ

ҚР Білім және ғылым министрлігі


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы

бөж

Тақырып: Отын сүрегі,далалық дақылдар, ағаш өңдеу және целлюза қағаз қалдықтары өнеркәсіп энергия ретінде


Дайындаған: Қаратаева А.


Қабылдаған: Қатпаева Қ.
Тобы:ЖФИ-111

Түркістан 2023 ж.


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Отын сүрегі,далалық дақылдар .

  2. Ағаш өңдеу және целлюза қағаз қалдықтары өнеркәсіп энергия ретінде.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Отын– жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отынның жану жылулығы – отынның толық жану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төм. жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін суды, сондай-ақ, оның құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28 – 34 МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төм. жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төм. жану жылулығы 29,3 МДж/кг. Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі Қазақстан экономикасының басым бағыттары болып табылады.Соңғы бес жылда қағаз және жиһаз өнімдерін өндіру көлемінің тиісінше 107% және 69%-ға өсуі байқалады. 2022 жылы қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі 120,8 млрд теңгеге, ал жиһаз өндірісі 64,7 млрд теңгеге жетті.


Негізгі бөлім
Отын сүрегі,далалық дақылдар
Отын– жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.
Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), шымтезек, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.
Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т.б. жатады.
Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отынның жану жылулығы – отынның толық жану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төм. жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін суды, сондай-ақ, оның құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28 – 34 МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төм. жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төм. жану жылулығы 29,3 МДж/кг. Техниканың жаңа салаларының дамуына байланысты “отын” термині кең мағынада қолданылады, ол энергия көзі болып табылатын барлық материалдарға да (ядролық отын, зымырандық отын) қатысты айтылады. Қазақстан қазба отын қорларына бірден-бір бай ел; қ. Көмір өнеркәсібі; Газ өнеркәсібі.
Дала — Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет