Кәсіби талаптар - бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі
Адамгершілік талаптар - ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық т.б. Мектеп директорлары өз ісіндегі жауапкершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.
Мектептің іс-әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың стилін анықтайды.
Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Стиль объективтік және субъективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.
Объективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы, іс қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.
Субъективтік фактор - мектеп басшысының жеке басының қасиеттері.
Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық стиль.
Өктемдік стиль - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.
Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.
Ымырашылдық стиль - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |