Бақылау сұрақтары
1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы педагогикалық идеялар.
2. М.Қашқаридың «Дивани лұғат ат түркі» атты еңбегінің педагогикалық-психологиялық астары.
3. Ахмет Иүгінекидің «Хибатул хакайық» атты еңбегінің педагогикалық-психологиялық астары.
4. Қ.А.Яссауидің «Диуани хикмет» трактаттарындағы адамгершілік, имандылық, мәселелерінің сөз болуы, бұлардың педагогикалық-психологиялық астары.
5-лекция тақырыбы: Қазақстанда XV-XVII ғасырлардағы (Асан Қайғы, Шалкиіз, Дулати, Қ. Жалайри, Жиембет, Ақтамберді және т.б) педагогикалық ой-пікірлері.
Жоспары:
1. XV-XVII ғасырлардағы (Асан Қайғы, Шалкиіз, Дулати, Қ. Жалайри, Жиембет және т.б) педагогикалық ой-пікірлері.
Лекция мазмұны: ХҮ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіңдік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілімен, жол жоралғысы, жөн жосық, салт – дәстүрінен айқын сезілді.
Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Асанқайғы жайлы қиял-ғажайып аңыздар ХҮ ғ. Орта шеніндегі қазақ даласындағы қоғамдық тарихи жағдайды бейнелейді. Жырау бейбітшілік өз толғауларына ту етті, біршеме әлемгет гуманистік пиғылмен қарады.. Ол Алтын Орда мен Ақ Орда құлағаннан кейін күшейе түскен феодалдық өзара қырқысуларды Дешті Қыпшақтан Жетісуға, Шу мен Талас өзендері алқабына қазақ рулары мен тайпаларының жаппай көшіп қонуына риза болмады. Жырау қартайған шағында Сарыарқада өзінің арманы – қайғы қасірет шеккен көшпенді халқын бақыт пен игілікке кенелте алмай, арманын орындай алмай дүние салады.
Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi де, зардабы да көбеймек. Ғарiптiк — заман ағысы адамзат тiршiлiгiне ыңғайсыз жағдайда дерт болып асқындамақ. Бiрақ ақын заманды құрастырушы мен билеушiлердiң мiнез-құлқын, iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай дұрыстауға ықылас-ынта бiлдiредi..
Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Асан қайғы — экологиялық тәрбие төңiрегiнде сөз қозғаған қазақтың тұңғыш ойшылдарының бiрегейi. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы, жер байлығы, аң-құстар тыныс-тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жай күйi тiлге тиек болады. “Аққу құстың төресi, ен жайлап көлде жүредi” деген шумақтан, сұлулық сүйкiмдiлiктi ұштайтынын пайымдаймыз.
Осы кездері дала ойшылдарының ішінде моральдық- психологиялық толғаныстарымен ерекше көзге түскендерің бірі – кейінен көшпелі елдің филосфы атанған алғашқы қазақ хандығының айналасында ақылгөй, ықпалды кеңесшісі, Әбілқайыр ханның тұсында Керей мен Жәнібек сұлтандардың ақылшысы болған туған халқының тағдырына, оның күйкі тіршілігіне қабырғасы қайысқан Асанқайғы елі қайғы – мұнсыз, жаны да, жері де жайсаң, жауласуы мен араздасуды білмейтіең «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтың» жерді іздеп тапқысы келеді. Осы мақсатпен желмаясына мініп алап қазақтың кең – байтақ даласын, тау-тасын шарлап кезумен болады.
Жырау ру – тайпалық одақтардың генеологиясын, халықтық әдет – ғұрып дәстүрлерді дәріптеп, өмір түсірудің мәні туралы, жақсы – жаман адамдар, үлкенді сыйлап қастерлеу, олардың ақылын алу бір бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады.
Асан қайғы толғауларына сабақтас көшпенділер өмірінің жықпылдарын, оның өзіне тән психологиясын тамаша суреттеген дала ақылманы Қазтуған жырау біздің шамалауымызша ХҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ жағасында, Қазіргі Астрахан облысының Қызылжар қаласына жақын маңда дүниеге келген Жыраудың өмірі туралы нақты мағлұматтар сақталыңбаған. Көшпенділердің әскери ақсүйектері арасынан шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұма мен Бұзын бойына қоныс тепкен ноғай тайпаларының әскер басы және ру көсемі болған. Бүкіл ХҮ ғасыр бойына созылған Дешті – Қыпшақтың өзара қырқысқан күресі кезіңде сол өңірдегі руларды Қазақ хандығының құрамына еңгізген. Бұл уақиға қазақтардың қазіргі Орталық және Батыс Қазақстан территориясында түбегейлі орныққан кезінде , яғни шамамен 1460-1480 жылдары болса керек.
Жорықта айдынды аламан, ақындықта арқалы жырау атанған Шалкиiз Тiленшiұлы (1465-1560) Дештi Қыпшақ өңiрiне ғана емес, Қырым, Терiстiк Кавказ, Дон бойына да әйгiлi тұлға болған. Өз заманындағы Ноғайлы әмiршiсi Темiр, Қазақ Ордасы, Кавказдықтар арасындағы саяси күрестердiң ешқайсысынан сыртқары қалмаған. Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында, елдiң бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық, шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл аударған, кiсiлiк қасиеттерге әр сақтан қайта-қайта оралған. Шамасы, Шалкиiздiң өзi “жаурынына қанды көбе сыймаған, жағасына адам қолы тимеген” ержүрек, кеуделi батыр болғандай. Көп оқығаны көзiмен көрген, көп нәрсенi тоқыған сынды да, сындарлы қайраткерлiк деңгейге жеткен.
Жиембет 1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан. Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет жыраудың біраз толғаулары "Бес ғасыр" жинағында жарияланған.
Бақылау сұрақтары
Дала философтары - Асан Қайғы, Қ.Шалкиіз, Жиембет ақын -жыраулардардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.
6-лекция тақырыбы: Қазақстанда XVII-XIX ғғ. І-жартысындағы (Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет және т.б.) педагогикалық ой-пікірлер.
Жоспары:
1. XVII-XIX ғғ. І-жартысындағы ақын – жыраулардың (Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет және т.б.) педагогикалық ой-пікірлері.
Лекция мазмұны: ХҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталған патшаның қазақ жерін отарлау саясаты «жұт жеті ағайынды» дегендей «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасына ұласып өмір бойы бейбітшілік аңсаған дала халқының басына теңдесі жоқ қайғы қасірет алып келді. Бұл айтылғанар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп, жұртты мықты жан күйзелісіне үшыратқаны белгілі. Әсіресе, патша отаршылдары хандық дәуірді жойып, өздері ойлап тапқан «жаңа низам » атты ел билеу хұқын жарыққа шығарып, «бөліп алда бейлей бер » деп, ойына келген неше түрлі заң- зәкүндерді ойлап тапты.
Осы кезең рухани өмiрiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — Актамберді жырау /1675-1768/ Қаратау бойында, Оңтүстiк Казак дүниеге келген. Оның ақындық таланты тым ерте танылып, өзiнiң жалынды жырларымен халықты жат жұрттың басқыншыларға қарсы күреске жiгерлендiредi. Жырау толғауларында көшпендiлердiң өзiндiк психологиясы керiнiс тапқан. Көшпендiлер ежелден ақ көңiл, қонақ жайлылылығымен меймандостығымен баршаға мәшһүр. Осынау ұлттық қасиет Актамберді толғауларындағы басты тақырыптың бiрi. Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.
Ақтамберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді. Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтамберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.
Осы кезде өзiнiң психологиялық ой- толғаныстарымен көбiрек көзге түскен ақынның бiрi — Шал ақын /1748-1819/. Ол қәзіргi Көкшетау облысының Азат темiржол станциясы маңында туған. Адам жумысының әр түрлi кезеңдерiндегi балгын балалық, жiгiттiк, кемел жас пен кәрілік шақ адам өмiрiнiң ерекше көрiнiстерi — ойшыл ақын туындыларының өзектi такырыптарының бiрi. Оның жiгiт-желеңнiң үш түрiне сипаттама беруi, көңiл аударарлық. Мәселен, соның бiрiншi үлгiсi — болбыр, солапай, бозөкпе, арамтамақ надан, жалқау бұл «Құржан» тура мағынасында адам атын жамылған жансүлде. Мұндай адам өмiрде мақсаты жок сондықтан мағынасы өтедi. Екiншiсi -керенау, кербез, мешкей, мақтаншақ өркөкiрек, екi жуздi, тойымсыз, сөздiң екiншi мағынасында мұндай адам «етi тiрi», «пысық» жан, қызғаншақ, жеңiлтектiк - мұның ерекше қасиеттері. Үшiншi үлгiсi — жаны жайсаң адам, ақын мұндайларды «жiгiтжан» деп атайды. Оның ойы, мақсаты жан жақты өрiстi, сабырлы да салиқалы келедi. Мұндай адамның асыл қасиеттерi — еңбек сүйгiштiк, халқына кызмет ету, адамдарға пайдалы бола бiлу.
ХIХғ. І-жартысындағы қазақ ғұламаларының iшiнде өзiндiк психологиялық түйiнде мелерiмен Дулат Бабатайұлы да /1802-1871/ ерекше көзге түседi. Ол қәзіргі Семей облысының Аягоз ауданының жерiнде туған. Аз уақыт молдадан дәріс алған. Ақындық өнері ерекше дарыған талант иесі өзінен бұрынғы ақын – жыраулардың мұраларын бойы на мол сіңіре білді.
Осы кезеңдегi қазақ ойшылдарының көрнектiлерiнiң бiрi — Бұқар жырау (1б85—1777) қазiргi Өзбекстанның Бухара шаьары маңындағы Елiбай ауылында туған.Өмiрi жайлы накты мағлұматтар аз. Жыраудың әкесi қазақ батыр жеке басының каьармандығымен даңқы шыққан. ұзак өмiр сүрiп, тоқсаннан аса жасаған. Бұкар қазақ даласындағы iрi-iрi қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүрдi. Мұсылманша сауаты бар Бұқар қазақ топырағында ислам уағыздарын шама-шарқынша насихаттаумен айналысқан, ел баскару iсiне белсене араласкан жырау Абылай ханның ақылгөй, тәжiрибелi дана кеңесшiсi болды. Өмiрiнiң бiразы хан сарайы маңында өткен ақын хан мен карапың iс-әрекетiн таразыға салып, сан-алуан өмiр құбылыстарын ой елегiнен өткiзiп отырды. Ойшыл жырау өзi өмiр сүрген дара ерекшелiктерiн реалистiк тұрғыдан дұрыс суреттей алды. Оның «жат бойынан түңiлсiн, біріңіз бiр енеден туғандай болыңыз»— деген жыр жолдары ағайын татулығы, ел берекесi туралы айтқандары, яғни «ағайын тату болса, жат жанынан түңiлер» деген халық мәтелiн кұптай, халыктың тату-тәтті өмiр сүруiн армандауы — осы айтылғанның жаксы дәлелі.
Қазіргі әлеуметтiк (қоғамдық) психологиялық ғылыми тусiнiктерiне бiр табан жакын тұрған идея — оның адамның жас ерекшелiктерiне берген сипаттамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көңiл-күйi, сезiмдерi, мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк талғамдары, сенiм, қызығулары, әдет дағдылары әр түрлi болып келетiндiгi жөнiнде кызыкты ой толғайды. Ол адам өмiрiнiң жас кезеңдерiнiң iшiнде жiгiттiк пен кәрiлiк шаққа ерекше көңiл бөледi. Өскелең ұрпаққа ақыл ой, адамгершiлiк, имандылық тәрбиесiн беруге ерекше мән берiп, шешендiк өнердi жастар тәрбиесiнiң басты өлшемдерiнiң бiрi деп есептейдi, жастық кезеңде адамның көңiл-күй белсендiлiгi, күш-қуаты мол болатынды сондыктан да осы шакта кiсiге шама-шаркынша қимылдап калудың кажетгiлiгiн ескертедi. Бұқар жырау казақ акын жыраулары арасынан тұңғыш рет кәрiлiк құпиясына ерекше үңілiп, оның сан қилы ерекшелiктерi туралы терең пiкiрлер айткан ғұлама.
Махамбет Өтемісұлы жырларынын тәлімдік-тағылымдық мәні. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбет тің ақындық дарыны ерекше. Өлең-тәрбие құралы. Көне заманнан бері халықымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым-тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.
Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруда алатын орны ерекше.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет ақын - жырау жырларының тәлімдік-тағылымдық мәні.
7-лекция тақырыбы: Қазақстанда ХІХ ғасырдың ІІ- жартысындағы (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев) педагогикалық ой-пікірлер.
Жоспары:
1. Ш.Уалихановтың педагогикалық көзқарасы.
2.Ы.Алтынсаринның педагогикалық көзқарасы.
3.А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
Лекция мазмұны: XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6).
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыста нушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғам дық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды.
Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.
Ш.Уәлихановтың орыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі.
Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.) жазып, ұсынды.
Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарыңды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Ы. Алтынсарин казақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялык мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра садасьнда жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі — Ыбырайдын есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде кандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айкын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі занды да. Өйткені әрбір ұлы адаммен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтьтң өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, "жол болсын" айтып түрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатка арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылыктың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшыл-дық деңгейде, қандай көр-кемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идея-ларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай ''Осындай сидам жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ, Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ. Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі мораль-дық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туынды-ларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысы Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз,
Барар едің қай жаққа? - дейді ақын ''Әсемпаз болма әрнеге'' деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (''ақыл-мизан, өлшеу қыл''), дүниенің сырын танып білуде адамгер-шіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағарту-шылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.
Бақылау сұрақтары
1. Ш.Уалихановтың педагогикалық көзқарасы.
2.Ы.Алтынсаринның педагогикалық көзқарасы.
3.А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
8-лекция тақырыбы: Қазақстанда ХХ ғ. басындағы (С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, М.Ж. Көпеев, Ғ. Қарашев және т.б.) педагогикалық ой-пікірлер
Жоспары:
1.ХХ ғ. басындағы С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, М.Ж. Көпеев, Ғ.Қарашевтың педагогикалық ой-пікірлері.
Лекция мазмұны: Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогы. Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың ө мірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С.Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес – көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Осының бәрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор әсер етті, із-таңбасын салды.
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары. (1858-1931 ж.ж) . Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды. Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады. Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |