ҚР-дағы сайлау жүйесі. Сайлау жүйесінің округтері мен учаскелері



Дата26.10.2022
өлшемі18,88 Kb.
#154888
түріҚұрамы
Байланысты:
ҚР


ҚР-дағы сайлау жүйесі.Сайлау жүйесінің округтері мен учаскелері
Мемлекетіміздің сайлау жүйелеріне тоқталмас бұрын алдымен жалпы сайлау жүйесінің түсінігіне тоқталып өтелік.Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутатық мандатты беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады1.
Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне ие болған үміткерлер сайланған болып есептеледі.Мажоритарлық жүйе қолданылатын сайлау округтері бір мандатты болып келеді, яғни әрбір партия округтан тек бір үміткер ұсынады, ал сайлаушы үміткерге дауыс беру арқылы партияны қолдайды.Пропорционалды сайлау жүйесі әлемде өте кең таралған. Оның шарты бойынша сайлауға қатысқан әрбір саяси партия Парламентте депутаттық мандат санын алады, ол дауыс санына тура пропорционалды болмақ.Бұл жүйе қазіргі күні әлемнің 60 елінде қолданыста2.Ол бір мақсатқа – дауыс пен мандат саны мөлшерін сәйкестендіруге бағытталған.
Сайлау процесінде жекелеген үміткерлер емес, партиялық тізіммен сайысқа түседі. Сол себепті де әр округтен бірнеше үміткер шығады.Аралас жүйе жоғарыдағы екеуінің қоспасынан келіп шығады. Бір палаталы Парламент сайлауы немесе қос палаталы Парламенттің бір палатасына сайлау кезінде депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша, екіншісі - өздігінен, бір мандатты округтерден сайланады. Қазіргі уақытта бұл сайлау жүйесін Қазақстанда жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде мынадай сайлау жүйесі қолданылады:

    • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу пайыздан астамының дауысын алған;

    • қайта дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат болып сайланады;

- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады;
-егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу пайызы дауыс берсе, ол сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
- басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Қазақстан Республикасында Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы жиырма бес проценттен аспауға тиiс.
Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады. Ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Сайлау округтерiн тиiсiнше Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар ескеріле отырып құрылады:
1) Әрбiр сайлау учаскесiнде сайлаушылардың үш мыңнан аспауы керек;
2) Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы қажет;
3) сайлау округтерiнiң шекаралары мен сайлау учаскелерi шекараларының қиылысып кетуiне жол берiлмеуi ескерiле отырып құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет