Есіңде сақта:
Төмен жиілікті дыбыстар мембранасы жоқ, түтігі кең стетоскопты пайдаланғанда және стетоскопты теріге әлсіз басқанда жақсы естіледі.
Жоғары жиілікті дыбыстар мембранасы бар фонендоскоппен, оны теріге қаттырақ басып тыңдағанда немесе жіңішке түтікті стетоскоппен жақсы естіледі.
Өкпені алдыңғы жағынан, жандарынан және артқы жағынан аускультациялау кезектері 2.74-2.76 суретерде көрсетілген.
Тыңдаған кезде фонендоскоп кеуде қуысының симметриялы аймақтарының оң және сол жақтарына кезектестіріп қойылады, ол жерлер салыстырмалы перкуссия аймақтарына сәйкес келеді.
Кеуденің жандарын аускультациялағанда науқас қолдарын бастың артына қарай көтеру керектігін есте сақтау керек. Артқы жақтан аускультациялағанда науқас басын алға қарай еңкейтіп, қолдарын кеудесіне айқастыра ұстап тұруы керек. Фонендоскоп кеудеде суретте көрсетілгендей ретте жылжытылады
Негізгі тыныстық шуларға көрсетілген аймақтарда науқас мұрынмен жәй тыныс алған кезде баға беріледі. Қосымша тыныстар пайда болса ол дыбыстарды сипаттау үшін арнайы амалдар қолданады: науқастан ауызбен терең тыныс алуды өтіну, тынысты форсирленген тыныс алу және шығару кезінде, жөтелгеннен кейін, бір қырымен немесе шалқасынан жатқанда тыңдау, фонендоскопты денеге қаттырақ басып тыңдау және басқа диагностикалық амалдар қолданады.
Анықталған өзгерген тыныстарды және қосымша тыныстық шуларды кеуде қуысындағы топографиялық бағдарларды (бұғана үсті немесе асты аймақтарда, қолтық астында, жауырын үсті немесе асты аймақтарында, сәйкес қабырғалар деңгейінде және т.б.) қолдана отырып сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |