- Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйректік қантамырлардың допплер - УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотоптық ренография, сандық əдіс пен қандағы С – реактивті ақуыз, тест – жолақтарымен микроальбуминурия (қантты диабет кезінде міндетті), сандық протеинурия, Нечипоренко жəне Зимницкий бойынша зəр анализі, Реберг сынамасы.
- Лабораторлық зерттеулер: гемоглобин, эритроциттер, аш қарынға қан глюкозасы, жалпы холестерин, холестерин ЛПВП, аш қарынға триглицеридтер, зəр қышқылы, креатинин, калий, натрий, зəрдің жалпы анализі.
- Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:
- 1. Дəрі дəрмексіз ем АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дəрілік терапияға зəрулерді қоса.
- 2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады.
- 3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).
- 4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.
- 5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп емес шектеу ұсынылады.
- 6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет.
- 7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.
- 8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.
- 9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген жөн.
- 10. АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі - 1. Гидрохлортиазид табл, 12,5-25 мг.
- 2. Индапамид табл, 2,5 мг.
- 3. Метопролол табл, 50-200мг\тəулігіне.
- 4. Эналаприл табл, 2,5 мг, 10 мг; ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.
- 5. Лизиноприлтабл, 5-40 мг.
- 6. Периндоприл 2-8 мг.
- 7. Эпросартантабл, 300-600 мг\тəулігіне.
- 8. Амлодипинтабл, 5 мг, 10 мг.
- 9. Верапамилтабл, 240-480 мг.
- 10. Доксазозинтабл, 1-16 мг.
- 11. Моксонидинтабл, 02-0,4 мг\тəулігіне.
Достарыңызбен бөлісу: |