ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ- ұлттық философияның ірі өкілі. Қазіргі заман философиясының жаршысы, абайтанушы. Тәуелсіз елдің тәуелсіздік философиясын қалыптастырушы.
Ғ.ЕСІМ қазақ философиясы тарихын зерттеуде халыққа тән ойлау мәдениеті мен даналығын, ұлттық дүниетаным мен менталитеттің мәнін айшықтауға көп назар аударады.
ЕҢБЕКТЕРІ: «Абай туралы философиялық трактат», «Данышпан Шәкәрім», «Фалсафа тарихы», «Қазақ философиясының тарихы», «Тәуелсіздік философиясы», «Ұлт және ғалам үндестігі» және т.б.
Әлем халықтары философиясы мен ұлттық философия арақатынасын зерттеу, Қазақстандық өркениет пен мәдени мұра мәселелері, Қазақ философиясын зерттеудің методологиялық мәселелері, ұлттық, тәуелсіздік философиясы Ғ.Есімнің негізгі зерттеу салалары болып табылады.