Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық деген мағынаны береді. «Философ» сөзін ең алғаш рет Пифагор қолданған, ал оны ерекше ғылымның түрінде негіздеген Платон.
Философия – алдымен жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады.