Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет31/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Әлеуметтік философия (лат. socialis - қоғамдық) - адам қоғамының шығу тегі, оның құрылымы, өзгерістері мен дамуы, қоғамдық құбылыстардың қасиеттері, қоғам мен адам, қауым мен тұлға арасындағы өзара әрекет пен байланыстар туралы ілім.


Әдептану (грек. ethos - әдет, дәстүр) - моральдық құндылықтар ілімі, қоршаған әлемде жақсылық және жауыздықты айырып тану және соған байланысты өзінің жүріс-тұрысын лайықты құра білу, адамгершілік туралы ғылым.


Б
одхисаттва (үнді) –өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру арқылы будда дәрежесіне жетуді көздеген адам. Ежелден бері бұл жолды мақсат еткен көптеген бодхисаттар, бүгінгі таңда буддизмнің құрметке бөленген әулие адамдардары болып саналады.


Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брахмандардың өкілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.


Болмыс - бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнісін білдіретін философиялық категория.


Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Брахман- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Б.- да о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттікк және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты.


Буддхи (үнді) –бүкіл әлемнің негізі, ол адамның психикасының қалыптасуына септігі тиеді. Адамның танымдық қабілет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет