Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет33/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Бейнелеу (шағылысу)материяның жалпы қасиеті, материалдық денелердің өздігінен өзгеруі нәтижесінде әрекетке түсетін денелерге тән ерекшелікті, ортақ белгілер мен заңдылықтарды жинақтау.


Бастама (немесе архе)бұл негіз, әлемнің ең кішкентай бөлшегі, (су, от, атом, монада, т/б).


Біртұтастық – үш әлем: табиғат, әлеумет және рухани бірлікті көрсететін категория.


В


айшешика (саскр. «вишеша» – ерекшелiк). Негiзiн қалаушы Канада
(б.з.б VI-V ғ). Алғашқы кезде бұл жүйеде материалистiк сәттер көрiндi. Әлемнiң атомдық құрылымы туралы ойды дамытты. Барлық заттар әрдайым өзгередi, бiрақ оларда тұрақты шар тәрiздi атомдар элементi бар. Атомдар мәңгi, оны ешкiм жаратпаған және көп сапалы. Олардан әртүрлi жанды және жансыз заттар пайда болады. Әлем тек атомдардан тұрса да, оның дамуындағы қозғаушы күш құдай, ол карма заңына сәйкес әрекет жасайды.


Варна(үнді) – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады.


Веданта(үнді)- үнді философиясының көне мектептерінің бірі. «Веданта» сөзі «веданың аяқталуы», упанишад ықпалынан босану деген мағынаны білдіреді. Веданталық талдау б.д.д. VII ғ. бастау алады. Негізгі еңбегі: «Веданта-сунтра». Веданта мектебінің пікірінше, Веда-жаратушы жайлы, өмірдің мәні, жалпы шынайы білімнің қайнар көзі деп есептейді. Веданта-брахманды әлемнiң абсолюттiк рухани негiзi ретiнде мойындайды.


Веда (үнді) – Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды. «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Вишеша (үнді) –(vicesa – «ерекшелік») ерекшелік, айрымашылық деген мағына береді, үнді философиясында болмыстың негізгі сапасы ретінде бой көрсетеді. Вишеша заттардың ерекшеліктеріне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет