Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет35/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Д


аосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім.


«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол. Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.


Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.


Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттікк тыныш күйге, сенуге жету.
Дхиана (үнді) - Пайымдау деген мағына береді, абсолютпен араласудың келесі қадамы. Бір ойға шоғырланған сезімдік күй біртіндеп назарын басқаға аударады, дерексізденеді, иррационалды сипат алады. Дерексіздік пен иррационалдықтың түп негізін байқай әсірелей отырып, иллюзорлы фенмен сипатын анықтайды. Объектіні бірқалыпты пайымдау арқылы, оның бөлшектері мен деңгейлері туралы анық, айқын түсінік қалыптасады. Объектіні ұзақ пайымдаған ой дүниенің реалдылығын айқындай түседі.


Джанана-йога- таным жолымен азат етілу. Ең бірінші өзінді таны, сонда ғана барлық тіршіліктегі бірінші негізді танисын. Адам білімді пәндерден немесе сыртқы дүниедегі құбылыстардан алмайды. Білім адамда әрқашан кездеседі, бірақ ол жасырын түрде болады. Адам өзінің түсінігін жоғарғы деңгейде жеткізгенде ғана, еркін бола алады.


Дхарана (үнді) - Ақыл-парасат тәртібі, өз санасын реттеу және оған ықпал ету өнерін дұрыс игеру. Содан өз ойын таңдаған объектіге шоғырландыра алады. Мұны Абсолютпен үйлесуге бетбұрыс, алғашқы қадам дерлік. Дхарана дегеніміз көңіл аудару, яғни қалаған объектіде ақыл – читтаны шоғырландыратын, ұстап қалатын ақыл парасат тәртібі. Көңіл аударатын тәннің мүшесі немесе сыртқы заттар, құбылыстар болуы ықтимал.


Двеша (үнді) – «үмітті қанағаттандыра алмай қалатын жағдай алдындағы үрей», содан бұл күйде құмарлыққа қарсы тұратын нәрсенің бәрін де жек көреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет