ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



бет3/9
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1805
1   2   3   4   5   6   7   8   9

А.Т. Оралова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия кафедрасының доценті, х.ғ.к.

e-mail: oralovaat@rambler.ru
ҚАРМТУ – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БІЛІМ ОРДАСЫ

ҚАРмту-дың құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдері
1953 жылы КСРО Министрлер Кеңесі тау-кен мамандықтары бойынша инженерлер даярлауды одан әрі кеңейту және жақсарту Қарағандыда, Пермьде және Тулада тау-кен институттарын ашу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулы КСРО мәдениет министрлігінің 1953 жылғы 9 шілдедегі № 1223, 1953 жылғы 18 шілдедегі № 1274 бұйрықтары негізінде Қарағанды тау-кен институты ұйымдастырылды.

Тау-кен институтының ашылуы Қарағанды үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Қазақстан үшін үлкен оқиға болды. 1953 жылдың күзінде 200 студент «Пайдалы қазбалар кен орнын қазу» және «Тау-кен электр механикасы» мамандықтар бойынша қабылданды [1, б. 11]. Жаңа құрылған Қарағанды тау-кен институтының бірінші директоры (ректоры) Мәскеу тау-кен институтының доценті болып жұмыс істеген техника ғылымдарының кандидаты Ю.К. Нұрмұхамбетов тағайындалды, оның «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі озаттығы үшін», «1941-1945 жж. Мәскеуді қорғағаны үшін» және т.б. наградалары болды.

1955 ж. институт ректоры Әбілқас Сағынұлы Сағынов тағайындалды. Оның бассейн шахталарында ұйымдастыру және басқару жұмысы тәжірибесі болды, ҚҒЗУИ ұйымдастыру бойынша жұмысты жаңа ғана аяқтады, техника ғылымдарының кндидаты, көмір кен орындарын қазу саласында зерттеуші болды.

Сол уақыттың бірінші кезектегі міндеті институттың профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастыру және оның басшылық құрамын нығайту болды. Оқытушылар корпусы тәжірибелі өндірісшілермен және мақсатты магистратура арқылы жаңа мамандарды даярлау арқылы толықтырылды.

Институттың екінші туған күні КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 ж. 31 наурызда қабылдаған Қарағанды тау-кен институтын Қарағанды политехникалық институтына (ҚПТИ) түрлендіру туралы № 127 Қаулысын есептеуге болады. Бұл қала мен аймақ өмірі үшін ғана емес, сондай-ақ республика үшін де мәнді оқиға болды, себебі осы кезеңде Қазақстанда бірінші политехникалық институт болды [2, б. 7].

Сол 1958 ж. таңғы бір мәнді оқиға – 157 кен инженерлерінің алғашқы түлектері болды, олардың көпшілігі оқытушылық жұмыста қалды және нәтижесінде ірі ғалымдар болып шықты.

Осы уақытта институтта 5 факультет қызмет етті, 15 мамандық бойынша дайындық жүрді, ғылыми-зерттеу секторы құрылды, онда 15 ғылыми-зерттеу тақырыптары орындалды.

1960 жылдың басына қарай оқу-білім беру процесі және ғылыми-зерттеу жұмысы 28 кафедрада жүзеге асырылды, 25 мамандандырылған оқу зертханасы, 7 пән кабинеті құрылды, 2 проблемалық және 5 салалық зертхана ашылды, пайдалануға 3 жатақхана мен бас корпус тапсырылды. Оқытушылар құрамында 326 адам есептеледі, 6000-нан астам студент білім алады. 1960 жылдары Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Петропавл, Целиноград қалаларында филиалдары ашылады. 1969 ж. Қарқаралыда демалыс лагері ашылды, Топар су қоймасы жағалауында спорт базасы құрылды.

1962-1965 жылдар, бұл - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚПТИ-да оқыған мезгілі екенімен атақты. Біздің ЖОО-да білім алған жылдары Н.Ә. Назарбаев «Политехник» студенттердің құрылыс отрядының комиссары болған. Сол кездері Институт студенттерінің отряды бірінші рет тыңда үшінші еңбек семестрін өткізді. Қарағанды облысы шаруашылығында тұрғын үйлер орнатумен ерекшеленді. Тек «Балықтыкөл» совхозында Н.А. Назарбаевтың СҚО аулаларында қораларымен бірге сегіз екі пәтерлі тұрғын үй салды. Құрылыс отрядтары алғашқы Мемлекеттік сыйлықтар – 10 тың астық жинауда табыстары үшін ҚазКСР КП ОК және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Естелік туын, ЖОЛК ОК және Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігінің Естелік Туын алды.

1970 жылдары ғылыми-зерттеу жұмысы табыспен дамиды. 1971-1972 жж. алғашқы проблемалық және салалық зертханалар ұйымдастырылды. Тек 1972 ж. 215 тақырып бойынша қаржыландыру көлемдері 205 млн рубльді құрады, 32 әзірлемені енгізуден түсетін экономикалық тиімділік – 3,6 млн рубль. Студенттер ғылымы белсенді дамыды: 57 студенттік жұмыс Бүкілодақтық конкурсқа ұсынылды, олардың ішінде баспаға жарияланғандары – 36.

1972 ж. КОКП ОК, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы, КСР Министрлер Кеңесі және ВЦСПС ҚПТИ жоғары наградамен – КСРО құрылғанына 50 жылдық мерекесіне байланысты «мерейтой құрмет белгісімен» марапатталды. Осы уақытта біздің елімізде 870 ЖОО болды және әрқайсысы социалистік жарысқа қатысты. Бірақ жеңімпаздар ретінде тек – көне М.В.Ломоносов атындағы МГУ және ҚПТИ мойындалды.

Сол 1972 ж., жемісті, белсенді, шығармашылық жұмысы үшін институт ректоры Ә.С. Сағыновқа Ленин Ордені және Социалисттік Еңбек Ері Алтын Жұлдызы табыс етілді. Институт Дипломдармен және Құрмет грамоталарымен, Қазақстан ОК Құрмет туларымен марапатталды.

1974 ж. Ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Ә.С. Сағынов, Ю.А. Векслер, Ж.Е. Ержанов тау жыныстары механикасы бойынша лауреаттар болды.

1972 ж. жол-көлік және инженерлік-құрылыс факультеттері үшін жаңа зертхана корпусы енгізілді, институтта студенттердің аударма бюросы жұмыс істейді, «Прометей» интернационалдық достық клубы қызмет атқарады. 1976 ж. ҚПТИ теледидарының бірінші хабары болды.

1976 ж. ҚПТИ Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды, ҚПТИ Қазақ КСР Алтын Құрмет Кітабына және Қарағанды облысы Құрмет тақтасына енгізілді.

1980 жылы шаруашылық шарт ғылыми-зерттеу жұмыстарының кеңінен дамуына байланысты болды, институт маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды шешу бойынша 11 мақсатты және кешенді бағдарламаларды орындауға қатысады. Институттың салалық министрліктердің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттарымен байланысты артып, кеңейіп келеді.

1987 ж. соққы әсеріндегі гидравликалық машиналар теориясын әзірлегені және жасағаны үшін ғалымдардың авторлар ұжымына - Ә. Сағыновқа, А. Лазуткинге, И. Янценге, Д. Ешуткинге Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1987 ж. аяғында академик Ә.С. Сағынов басқа жұмысқа ауысады. Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдындағы алаңға ескерткіш орнатылды. [1, б. 14].

1988 ж. ҚПТИ ректоры болып ҚазКСР ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор А.Г. Лазуткин сайланды.

1989 г. алғаш рет 5 мамандық бойынша мемлекеттік тілде оқыту басталды. 2000 жылға дейін кезеңде ҚарПТИ-де қазақ тілін дамыту Бағдарламасы әзірленді. Институтта ғылыми-зерттеу бөлігі құрылды, институттың халықаралық байланыстары кеңейеді.

1994 ж. ҚПТИ-ді біздің ЖОО түлегі, ЖМ ХҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Пивень басқарды.

1996 ж. ерекше маңызды оқиға ҚР Министрлер Кабинетінің 7 мамырдағы № 573 Қаулысымен Қарағанды политехникалық институты Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті (ҚарМТУ) болып қайта құрылды, бұл ЖОО-ның біліктілігі жоғары мамандар даярлаудағы еңбегін өзінше мойындау болып табылды.

1990 жылдары мынадай факультеттер құрылды: ақпараттық технологиялар, геоэкологиялық, экономика және менеджмент, кәсіпкерлік және басқару. Сонымен қатар ҚарМТУ РИВЦ құрылды, дербес компьютерлерге ауысу, жергілікті есептеу желісін және ҚарМТУ-дың әлемдік ИНТЕРНЕТ компьютерлік желісі ресурстарына шығатын ИНТРАНЕТ автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Спутниктік және цифрлық теледидар зертханасы құрылды. Қазақстанда алғаш рет ҚарМТУ жанында техникалық лицей, ақпараттық технологиялар колледжі, оқыту мерзімі қысқартылған факультет, маңызды білім беру факультеті, «Мұрагер» дарынды балалар мектеп-интернаты ашылуда.

Баспадан «Автоматика. Информатика» ғылыми-техникалық журналының бірінші шығарылымы шықты, оның құрылтайшысы ҚарМТУ болып табылады. Университет Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының (ЖМ ХҒА), автоматтандырылған талдау саласында (NAFENS, Ұлыбритания) Халықаралық инженер-аналитиктер Қауымдастығының ұжым мүшесі болып табылады.



Алғаш рет бакалаврлар мен магистрлерді даярлау басталды. Жастар ісі жөнінде комитет құрылды, оның құрамына студенттер белсенділері кірді.

2001 ж. алғаш рет ЖОО мемлекеттік аккредиттеу жүргізілді. ҚарМТУ біріншілер қатарында осы маңызды сынақтан өтті. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 19 шілдедегі № 976 Қаулысымен Университет аккредиттелген болып мойындалды.

2002 ж. ҚарМТУ «Өнеркәсіпке бірлесіп ықпал ету қауымдастығының Алтын медалі» халықаралық бағдарламасының лауреаты атағына конкурс жеңімпазы болды, ол ТМД және Балтия елдері кәсіпорындары мен ұйымдары арасында өткізіледі.1989 ж. ҚарМТУ динамикалық дамуы және жоғары сапасы үшін Алтын медальмен марапатталды.

2003 ж. – ҚарМТУ-ға 50 жыл толған жылы – Университетте 14 факультетте 56 мамандық бойынша 10 мыңнан астам студенттер білім алды. Сол жылы Университет Қазақстанның, «Электрондық университет» статусын алған ЖОО-ның алтылығына кіреді.

2004 ж. ҚарМТУ Қазақстан біріші болып сапа менджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификатталған аудиттен өтті және «Русский регистр» және IQNet сертификаттарын алды, олар әлемнің 36 дамыған елінде мойындалған.

Іскерлік практикада жоғары сапасы үшін Халықаралық қор (Швейцария, Женева) ҚарМТУ-ды жас мамандарды жоғары сапамен шығарғаны үшін, тұрақты және ұдайы өскені, инновациялық саясаты, жаңа заманғы жоғары технологияларды пайдаланғаны және білімді персонал үшін Алтын медальмен марапаттады.

2007 ж. Университет инженерлік бейіндегі зерттеу зертханасын құруға грант ұтып алды. Осы жылы ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы өткізген ЖОО тәуелсіз рейтингі нәтижелері бойынша ҚарМТУ ҚР ЖОО арасында үшінші орын алды.

2008 ж. Университетті ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев басқарды. Университет тарихында жаңа кезең басталды.

«06.02.2008 бастап 31.12.2008 жж. дейін Университетті дамытудың кешенді бағдарламасы» қабылданды, нәтижесінде осындай бағдарламалар жыл сайын қабылданады. РҚ Тұңғыш Президенті атындағы Республикада теңдесі жоқ Электрондық оқыту технологиясы орталығы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» тіл орталығы құрылды [2, б. 20].

2008 ж. 19 маусымда Қазақстанда Бірінші инновациялық білім беру Консорциумы «Корпоративті Университет» құру туралы Келісім-шартқа қол қойды, оның мүшелері Қазақстан мен Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары болды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін Маркетинг және шарттық қатынастар Орталығы құрылды. Алғаш рет Университет 1038 грант иегері болды, қала мен облыс ЖОО арасында абсолютті көшбасшы болды. Бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді және оқу жетістіктерін тіркеу, студенттердің оқыту траекториясын таңдауы бойынша электрондық құжат айналымы енгізілді.

Құқық бұзушылармен күресу және сыбайластық көріністерін болдырмау мақсатында Университетте қоғамдық тәртіп комиссиясы құрылды.

2008 ж. Университет INSAM (Швейцария) Жоғары бизнес және басқармасына институтына, Technomic Consultant (Франция) Консалтингтік компаниясына қарасты «Золотой феникс» Халықаралық сыйлығының лауреаты болды және Centre for Business Excellence (Ұлыбритания) Ассоциациясына, Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания) ғылым, білім және бизнес саласында халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиевке Вена қаласы Халықаралық Университетінің Құрметті профессоры атағын берді, халықаралық бағдарламалар енгізіп, жүзеге асырғаны және оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі үшін ҚарМТУ-ды «Европейское качество» Халықаралық наградасымен марапаттады.

2008 ж. қазан айында «ХХІ ғасыр көшбасшылары» (Ресей) халықаралық имидждік бағдарламасы ҚарМТУ-ды «Мың жылдық наградасы» - «Адамзат алдындағы еңбегі үшін» наградасымен, ректор А.М. Ғазалиевті – «Ұлт интеллекті», «Жоғары кәсіптік жетістіктері және жаңа заманғы қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін» Құрметті наградаларымен марапаттады.

Университет уақыт талабынан қалмай динамикалық дамып келеді. 2009 ж. ҚарМТУ Болонья қаласында университеттің Ұлы хартиясына қол қойды.

2011-2012 оқу жылы жұмысшы мамандығының төрт жаңа заманғы орталығы құрылды. Университетте «білім – ғылым - инновациялар» үштігі бірлігін жүзеге асыру шеңберінде 7 ҒЗИ қызмет етеді. 2013 ж. Халықаралық дәнекерлеу институты құрылды.

«Университет негізін қалаушылар» портреттерінің галереясы құрылды, онда кафедралар мен факультеттердің негізін қалауышылардың, оқу процесін ұйымдастырушылардың және ҚарМТУ ғылыми мектеп жетекшілерінің көркем портреттері қойылған [1, б. 11]. Университеттің қамқорлық кеңесі, патриоттық тәрбие беру және дене шынықтыру және спорт бойынша қоғамдық кеңестер құрылды.

ҚарМТУ-да ҚР Тұңғыш Президентінің өнегесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің бірегей моделі әзірленді. Осы модель кеңінен сынамаланған және ҚР БҒМ Республиканың ЖОО жүзеге асыруға ұсынған.

2011 жылы қарашада Еуразиялық студенттер Ассоциациясының толық мүшесі болды.

Соңғы жылдары халықаралық байланыстар қарқынды дамып келеді. Шетел ұйымдарымен және 23 елдің жоғары оқу орындарымен 114 шарт, келісім және меморандум жасалды.

Ғылыми-зерттеу қызметі кең таралым алды. Ғылыми ізденімдерді қаржыландыру көлемі бірнеше есе артты, Ә.С. Сағынов атындағы «Білім мен ғылымдағы инновациялар» Орталығы ашылды, онда шетелде теңдесі жоқ ҚарМТУ ғалымдарының ғылыми әзірлемелері қойылған. Көрме Университеттің визиттік карточкасы болды.

«Ғылым мен техниканың дамуына қосқан көрнекті үлесі үшін»: ҚарМТУ ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевке, бірінші проректор, т.ғ.д., профессор А.З.Исағұловқа және В.Ф. Бырька атындағы ӨПА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор И.В. Брейдоға Мемлекеттік ғылыми сыйлық берілді.

Әсіресе айрықша мәнді күн 2012 ж. 1 желтоқсаны болды. Бұл күні біріші жалпы ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің ЖОО келді. Өзінің сапары кезінде біздің еліміздің Президенті курстастарымен кездесті, ҚарМТУ-дың Құрметті қонақтары кітабында естелік жазба қалдырды.

Бүгінгі күні ҚарМТУ Қазақстанда, айтарлықтай білім әлеуеті және белгілі ғылыми мектептері, талантты, білімге құштар студенттері бар ең ірі инновациялық-бағдарланған техникалық университеттердің бірі болып табылады.


Әдебиеттер тізімі
1. Карагандинский государстенный технический университет: К 60-

летию университета. – Караганда: ТОО «Арко», 2013. – 499 с.

2. Путеводитель по музею истории КарГТУ / Под ред. академика НАН

РК А.М. Газалиева; Сост. Д.Х. Климова. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2008. – 26 с.



3. История КарГТУ. – www.kstu.kz.


Т.К. Исабек,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Пайдалы қазбалар кен орындарыне қазу

кафедрасының меңгерушісі,

профессор, т.ғ.д.

e-mail: tyiak@mail.ru

АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ – ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды қ. Құрметті азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағынұлы Сағынов біздің еліміздің көрнекті ғалымдарының қатарына жатады. Кеңестер Одағында 800 ректордың ішінде бар болғаны екеуіне Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Олардың бірі – біздің Әбеке. Әбілқас Сағынұлы білетіндердің барлығы Орталық Қазақстанда жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы, Қарағанды көмір бассейнінің, Қарағанды қаласының қалыптасуына және дамуына қатысушы, сан мыңдаған шәкірттердің тәрбиешісі, әрі тәлімгері, біліктілігі жоғары инженер кадрлар даярлау ісіне баға жетпес үлес қосушы ретінде оның еңбектеріне құрметпен бас иіп, оның бейнесін құрмет тұтады.

Өзінің өндірістік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ә.С.Сағынов «Верхняя Марианна» қабатын қазудың тиімді жүйесін іздестіру бойынша эксперименттерге белсенді араласа бастады. Осы қабатты қазу технологиялары мен құралдарының көптеген түрлі нұсқалары сыналды. Тек көп жылдар өткеннен кейін ғана1960 жылдардың аяғында Ә.С.Сағынов өзінің шәкірттерімен бірге жақсы нәтижелер алды. Ортаншы және төменгі қабаттарда механикаландырылған кешендер жүгі тәулігіне 3000 және одан көп тоннаға жетті.

«Қарағандыкөмір» комбинаты техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істей жүріп, Ә.С.Сағынов шахталарды ғылыми-техникалық прогресс мәселеріне, шахта қорының одан әрі дамуына көп көңіл бөлді, бұл оған 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тау-кен ісі институтының сырттай аспирантурасына түсу мүмкіндігін берді. Диссертация тақырыбы анағұрлым маңызды, даму перспективасы бар Қарағанды бассейні қабаттарының көлбеу түсетін жұқа және орташа қуатын әзірлеу технологиясының жаңа заманғы жағдайына байланысты болды. Сол жылдары көмір көбінесе қуатты қабаттардан өндірілді, ал жұқа және орташа қуатты қазу «кейінге» қалдырылды. Қабаттардың осы тобына назар аудару жеткіліксіз болғаны анық, дегенмен олардың қорлары бассейн шахталарының барлық өнеркәсіптік қорларының 40 % жуығын құрады. Осы қабаттарды әзірлеу тәсілдері мен жүйелері жетілдіруді қажет етті.

1951 жылы Ә.С. Сағынов өзінің басшылығымен 1952 жылы Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (ҚКҒЗИ) болып түрленген Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институтының (БКҒЗИ) Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалды. Осы кезеңде Ә.С. Сағыновтың, ірі ұйымдастырушы және үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен ҚКҒЗИ институты «Верхняя Марианна» көмір қабатын әзірлеуге және метанды қабаттарды газсыздандыруға байланысты ірі проблемаларды шешті.

Ә.С. Сағынов институтта өндірісті механикаландыру және еңбекті ұйымдастыру құралдарын жетілдіру, кен орындарын әзірлеу, көмір бассейнінде техника мен технологияларды тиімді пайдаланудың маңызды проблемаларымен айналысты. Мамандар мен ғалымдар оның Қарағанды көмір бассейніне – КСРО-да үшінші көмір базасына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Өзінің 2000 жылы 20 желтоқсанда «Индустриальная Караганда» газетінде басылған «Ғалым, жоғары мектепті ұйымдастырушы» мақаласында сол кездері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бұрынғы ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Георгиевич Пивень: «Осы кезеңде Ә.Сағыновтың, үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ірі ұйымдастырушы және ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ол жаңа институт жұмысын көмір бассейнін игерудің бір қатар проблемаларын тиімді шешуге бағыттады. Ә.Сағыновтың институтты басқаруымен көмір қаттарын әзірлеуге байланысты ірі проблемалар табыспен шешілді» [1, б. 2].

1955 жылы Ә.С. Сағынов 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты (ҚарПТИ) болып қайта ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Ол бір мезгілде пайдалы қазбалар кен орындарын қазу кафедрасын басқара отырып, ректордың қызметін 33 жыл бойы атқарды.

Бұл қызметте оның ұйымдастырушылық таланты және бірегей ғылыми қабілеттері айқын ашылған. Профессорлық-оқытушылар құрамы небары 28 адамнан құралған, оның ішінде тек алтауы ғана ғылым кандидаты болған институтты басқарып, Ә.С. Сағынов «институттың дамуы екі негізгі факторға –оқу-материалдық базаның жағдайына және оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігіне байланысты болады» деген тұжырымға келеді. Ә.С. Сағынов ірі оқу-зертханалық корпус – қазіргі университеттің бас корпусының кірпішін қалауға және құрылысын жеделдетуге қол жеткізді. Көп ұзамай бірқатар басқа оқу корпустарын, жатақханаларды, асхананы және т.б. тұрғызу басталды.

Оқу-материалдық базаның дамуы институттың бірінші курсқа талапкерлер қабылдауды 200 адамнан 2500-ге дейін ұлғайтуына мүмкіндік берді, кешкі және сырттай оқыту факультеттері ашылды. Бұл институтта білім алатын студенттер құрамын отыз мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. 15 Қарағанды политехникалық институты тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орта Азия республикаларының да ірі ЖОО қатарына кірді. Ә.С. Сағынов институтқа «Карагандауглеразрезы» трестінің ғимаратын бекітуге қол жеткізді. Бұл тапсырма әскери кафедраны орналастыру үшін пайдаланылған. Ә.С. Сағыновтың соңғы тумасы – тау-кен факультетінің ғимараты, ол қазір де өзінің сәулеттік сұлулығымен көз тартады.

Институттың материалдық-техникалық базасын, жаңа корпустар мен

ғимараттарды нығайту туралы қамқорлық жасай жүріп, Әбілқас Сағынұлы

ұжымдағы ғылыми-педагогикалық және тәрбие жұмысы туралы, жаңа

кафедралар, зертханалар құру, оқытушылар, ғалымдар кадрларын іріктеу және орналастыру туралы да ұмытпады.

Оның басшылығымен Қарағанды мемлекеттік политехникалық университеті Республиканың ірі ЖОО мен ғылыми орталықтарының бірі болды. 80-жылдардың ортасына қарай барлық оқыту түрлері бойынша, институт филиалдарымен қоса, 10 мыңға жуық студент пен 100 аспирант білім алды. Оқу процесін 750 оқытушы жүзеге асырды, олардың ішінде жартысына дерлігі, оның ішінде 33-тен астам профессорлар, ғылым докторларының ғылыми дәрежелері мен атақтары болды.

Студенттер мен оқытушылардың оқуы мен демалысы үшін барлық жағдайлар жасалған. Институтта барлық қажетті оқу-зертханалық және ғылыми базасы бар (аудиториялар, оқу және сызу залдары, арнайы кабинеттер мен зертханалар, оқу теледидары студиясы, геологиялық мұражай, есептеу орталығы және т.б.).

Ғылыми-педагогикалық қызметі кезеңінде ректор «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» кафедрасының меңгерушісі постында ауысымсыз қызмет етіп, Ә.С. Сағынов Қазақстан өнеркәсібінің кен өндіру салаларын дамытуға, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты. «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» кафедрасында Ә.С. Сағынов пайдалы қазбалар кен орындарын қазу технологиясы және кешенді механикаландыру бойынша ғылыми мектепті құрды, ол Қазақстанда да, жақын және алыс шетелдерде де кеңінен танылды. Өзі басқарған кафедра ғылыми және педагогикалық қызмет бойынша республикада екі рет үздік кафедра атағына иеленді және елімізде көшбасшылық ұстанымын сақтап келеді. Ол кен ісі саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау сапасы бойынша бірнеше рет жоғары орындар алды және соны жалғастырып келеді.



Халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары және ғылыми зерттеулер орындағаны үшін КСРО Жоғары Кеңесің Президиумының Қаулысымен 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1980 жылы КарПТИ социалистік жарыста көшбасшы болды. Сол жылы еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін политехникалық институтқа Қазақстанның Құрмет кітабына енгізіліп, Құрмет дипломы табыс етілді.

КСРО 50 жылдық мерейтойы құрметіне Мерейтой Құрмет белгісіне лайықталды.

1980 жылы, КСРО ЖОО арасында социалистік жарыс қорытындысы жүргізілген кезде Қарағанды политехникалық институты М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік политехникалық институтымен қатар жеңімпаз болып шықты. Осыған байланысты «Студенческий меридиан» журналында журнал корреспонденті А. Ланцовтың КСРО жоғарғы және орта арнайы білім министрінің бірінші орынбасары Н. Ф. Красновпен сұхбаты жарияланды. Төменде осы сұхбаттан үзінділер қысқартылған нұсқада келтірілген.

«Корреспондент: Николай Федорович, ЖОО аралық жарыс деген не, оның мақсаттары мен міндеттері қандай, ол ЖОО дамуы үшін, оның күнделікті жұмысы үшін нақты не береді және әрине, ол әрбір студенттің өміріне қалай әсер етеді?

Н.Ф. Краснов: … Жақында мен КСКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің, ВЦСПС және БЖОЛК құрметті тапсырмасын орындадым – Қарағанды политехникалық институтына ауыспалы Қызыл Ту табыстадым. Біздің елімізде барлығы 870 ЖОО және әрқайсысы социалистік жарысқа қатысады. Бірақ жеңімпаздар ретінде тек М. Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ мойындалды. 1996 жылы институт Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мойындалды, оның биографиясы барлығы ширек ғасырға сыяды.

Корреспондент: Николай Федорович, ММУ ЖОО аралық жарыста жеңімпаз болып шыққанында таң қаларлық ештеме жоқ. Біздің жоғары біліміміздің қолбасшысы, еліміздің ежелгі ЖОО. Оның үстіне осы жыл да ол үшін мерейтой жылы болды. Сенімді ақтамауға ешбір жол жоқ деуге болады... Ал қарағандылықтар ше? Олар қалайша көптеген атаулы мәскеулік, ленинградтық, киевтік және басқа ЖОО басып озды?

Н.Ф. Краснов: Иә, ширек ғасыр ЖОО қалыптасуы үшін – мерзім көп емес. Бірақ осы болмашы уақыт аралығында қарағандылықтар көптеген істер жасап үлгерді. Оның жиырма бір мың тәрбиеленушісі елдің халық шаруашылығында еңбек етеді. Әрбір екіншісінің ғылыми атағы болатын 700-ден астам оқытушылар ЖОО 11 мың студентке сабақ береді. Бүгінгі күні, политехникалық институт үлкен дәрежеде индустриялық Қарағанды аумағының өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етті. Тың жерлерді игерудің алғашқы жылдары Қазақстанға маман кадрларды өнеркәсіптік дамыған елдер жіберді. Өздерінің жас мамандарын даярлау проблемасы өткір болды. Осы міндетті тың бойынша мәселелердің бірінші жылдарында Қарағанды политехникалық институты табанды, қуатты шеш бастады. бар болғаны он жылдан кейін ол республика үшін білікті кадрлар даярлау шеберханасының негізі болды.

Корреспондент: – Николай Федорович, осы уақытқа дейін сіз тұтастай ЖОО туралы айттыңыз. Ал өте ұйымшыл ұжым көптеген топтардан, олар өз кезегінде жеке студенттерден, оқытушылардан құралады. Жарыс нәтижелері бойынша олардың әрқайсысының қызметі жұмыс сапасымен бағаланады. Бірақ соңғы сөз кімде, соңында кім ЖОО түлектеріне, оның «өніміне» баға береді?

Н.Ф. Краснов: – Соңғы жауабын өмірдің өзі береді, біздің жағдайда – өндіріс. Сіздер білетіндей, ҚПТИ мамандарын өндірісшілер «үздік» және «жақсы деп бағалайды. Бұл, оқытушылар қоятын жоғары балдар студенттер алатын білімге сәйкес екенін көрсетеді. Әрине ҚПТИ-да осының бәрі кәсіби түрде жолға қойылған, сондықтан жоғары сапалы қорытынды береді. Қарағанды политехникалық институтында студенттің алғашқы қадамдарынан бастап өзінің әрбір шешіміне, әрбір ісіне жауапты болуға үйретеді. Оған өзі бірден кірскен шығармашылық оқу жарысы жақын арада ол үшін институт зертханасында, сосын әр түрлі ҒЗИ қызықты, нақты шығармашылық қызметке құйылатынын түсінуге үйретеді. ЖОО тәрбиеленушілеріне осындай қарым-қатынас, оның үлкен және шағын істеріне назар аудару өзінің факультеті мен ЖОО үшін мақтаныш тудырады. Сонымен болашақ мамандарда жоғары патриоттық қасиет қалыптасады, белсенді өмірлік ұстаным қалыптасады» [2, б. 52].

Сұхбат Ә.С. Сағыновтың Қарағанды политехникалық институтын қалыптастыру және дамыту ісінде ауқымды ролі туралы куәландырады, сонымен қатар өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында өзі басқарған институт жұмысына әділ баға береді.

1993 жылы Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен ғылым мен техника саласына, Қарағанды көмір бассейнінің дамуына және халық шаруашылығы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлкен үлесі үшін, Ә.С. Сағыновқа «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Оның халық шаруашылығын, жоғары білім мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегі Үкіметтік наградалармен – бірнеше рет бес орденмен және он медальмен атап өтілді. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ә.С. Сағыновқа «Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасының құрметті қайраткері» атағы берілді.

Қарағанды политехникалық институты (қазіргі уақытта ҚарМТУ) Ә.С. Сағынов басшылық еткен уақытта Қазақстан кадрларының нағыз ұстаханасына айналды. Мыңдаған инженерлер шығарылды, олар қазіргі уақытта да тек біздің республикамызда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінде және алыс шетелдерде де еңбек етіп жүр.

ҚарПТИ қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев білім алған. Ірі мемлекеттік қайраткерлер, кен өндіру кәсіпорындарының басшылары, мәжіліс депутаттары және сенаторлар Ю.А. Кубайчук, Ш.А. Оразалинов, Н.З. Нығматуллин, М.Б. Тінікеев, Г.М. Презент, П.П. Нефедов институт түлектері болып табылады. Ә.С. Сағынов көп қырлы қоғамдық қызмет пен ғылыми-педагогикалық жұмысты бірлестірді. Мысалы, 30 жыл бойы Қарағанды облыстық партия комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1966-1970 жж.), әр түрлі деңгейлі жергілікті Кеңестердің депутаты, Қарағанды және Жезқазған облыстарының ЖОО ректорлары Кеңесінің төрағасы (1973-1987 жж.), бірқатар журналдардың редакциялық алқасының мүшесі, бірқатар институттардың Ғылыми Кеңестерінің мүшесі және т.б. қызметтерді атқарды.

2006 ж. Ә.С. Сағыновтың 90 жылдығын тойлаған күндері оның көрнекті қызметтерінің құрметіне және оның есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 33 жыл бойы басшылық еткен «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу (ПҚКҚ)» кафедрасына ғалымның аты берілді. Сондай-ақ оның есімі 2-ші корпустың 2-ші қабатында орналасқан, 150 орындық № 205 кеңейтілген аудиторияға берілген.

Ал 2008 жылы «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу» кафедрасының оның атымен аталатыны туралы мемориалдық тақта жасалып, ПҚКҚ кафедрасы орналасқан, 2-ші корпустың 3-ші қабатының фойесінде орнатылды. Бұл шараны университет ректоры ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев ұйымдастырды, оған Ә.С. Сағыновты жақсы білген көптеген қонақтар шақырылды.

Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдынағы алаңға осы көрнекті адамға ескерткіш орнатылды [3, б. 14].
Әдебиеттер тізімі
1. Ученый, организатор высшей школы // Индустриальная Караганда, 2000, 20 декабря.

2. Сагинов А.С. О пройденном пути. Воспоминания // Ғылым.-1996. – 320 с.

3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті = Карагандинский государственный технический университет - Karaganda State Technical University: К 60-летию университета. Караганда: ТОО «Арко», 2013. - 499 с.










С.Қ. Тутанов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Жоғары математика және механика кафедрасының меңгерушісі,

профессор, т.ғ.д.

e-mail: ser-tutanov@yandex.ru



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет