7-тапсырма Антисептика және оның түрлеріне анықтама бер
Антисептика- жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешені.
Механиқалық антисептика- жараға түскен микробтарды механикалық жолымен жою.
Физикалық антисептика-жара ішіндегі бөліністерді сыртқа шығарып тез арада тазарып жазылуына жағдай туғызу.
Биологиялық антисептика-биологиялық негізі бар емдік заттарды қолданып ағзаның қорғаныс күшің көтеру және ағзадағы микробтарды жою.
Химиялық антисептика-бактерицидты және бактериостатикалық әсері бар химиялық заттарды қолданып, жарадағы және ағзадағы микробтарды жою.
8-тапсырма Суреттерге сипаттама беріңіз
1 – сурет. Қорғаныш киімдерін кию.
1. Мойын жағынан халатты ұстап тұрып халатты ашу (залалсыздандырылған халаттың сыртқы жағы киімге, көрші заттарға тимеу керек)
2. Халаттың ішкі жағын өзіне қарату.
3. Екі қолға халатты кигізу, қолды жоғары көтеру керек, жанына көмекші халаттың ішкі жағынан ұстап дұрыстайды, байламдарын байлайды.
4. Қолдағы байламдарды өз бетімен байлайды, басында сол қол сосын оң қолды
5. Байламдарды халаттың жеңінің ішкі жағына салады.
6. Оң жақ қалтадан белдікті алып 30 см арақашықтықта ұстап, бір жақ шетінен 15 см-ден қалдырып отырады.
7. Көмекшіге белдіктерді әперу (шеттерін ақырын алады, белдікті халаттың беліне байлайды)
2 – суртет. Медициналық қолғапты кию. Резеңкелі қолғап(перчатка) - таза және залалсыздырған күйінде қолданады.
9-тапсырма Кестені толтырыңыз
|
Бикстарды жинау
|
|
1. Әмбебап жинау - барлық ұқсас материалдар бір операцияға жиынтық түрінде бір бикске орналастырылған. Дайындалған материал жалпы ережелерді сақтай отырып, қабат-қабат, тігінен, еркін және салалық түрде келесі тәртіпте салынады: парақпен жабылған биксте таңғыш материалы тігінен төменгі қабатқа, екінші қабатқа хирургиялық зығыр тігінен және салалық орналастырылады. Төсеу парағының шеттері оралған. Осы зарарсыздандыру режиміне арналған стерилизация индикаторлары бикстің төменгі жағында, ортасында және зарарсыздандырылған зығыр бетінде орналастырылған. Зығыр мата құрғақ, таза және бүтін болуы керек.
|
2. Мақсатты жинау - дәрігердің нұсқауы бойынша орындалады. Белгілі бір операцияға қажетті зығыр маталар мен таңу материалдары бір биксте орналастырылған.
|
3. Ерекше жинау - тек хирургиялық зығыр мата немесе таңғышты бикске салады, мысалы: халат , мата немесе салфетка
|
Достарыңызбен бөлісу: |