Тапсырма Суретке сипаттама беріңіз
Автоклавтың екі режимі бар.Жұмсақ режимінде будың қызуы 120 градуске дейін көтеріледі(1,1атм.) және бұйымдар 45 минут ішінде залалсыздандырылады.Қатаң режимінде будың қызуы 132 градуске дейін көтеріледі(2 атм.) және бұйымдар 20 минут ішінде залалсыздандырылады.
Автоклвта залалсыздаңдыру үшін арнайы ыдыстар (Шиммельбуш бикстары) қажет.
Тапсырма Хирургтың қолын тазартып залалсыздандыратын негізгі әдістері
Первомур ерітіндісімен қолды өңдеу әдісі
|
I ЭТАП – Қол басын және білекті сабындап
щеткасыз жылы сумен 1 мин бойы жуады, кейін
стерильды орамалмен немесе салфеткамен
құрғатып сүртеді.
II ЭТАП – 1 мин бойы қолды первомурдың жұмыс
ерітіндісінде салфеткасыз жуады, кейін
стерильды орамалмен немесе салфеткамен
құрғатып сүртеді. Спиртпен және йод
ерітіндісімен қолды өңдемейді
|
Хлоргексидин ерітіндісімен қолды өңдеу
|
Қолды өңдеу үшін препараттың 0,5% ерітіндісі керек, ерітінді 20% хлоргексидин ерітіндісін 70% спирт ерітіндісінде 1:40 қатынаста еріткенде
алынады.Қолды щеткамен жылы сумен сабындап жуған соң 2-3 мин бойы ерітіндіде өңдейді
|
Церигелмен қолды өңдеу
|
Церигелмен қолды өңдеу 5 мл церигель ерітіндісі құрғақ алақанға құйылады және оны 8-10 минут бойы қатты ысқылайды, сонда ерітінді саусақтардың, қолдардың бетін және білезік буындарының аймағын жауып тұрады. Қолды саусақтар бір-біріне тигізбейтін етіп 2-3 минут кептіреді. «Қолғап» пленкасы спиртке малынған тампонмен қолдан оңай жуылады.
|
Евросепт қолды өңдеу
|
Препарат арнайы флаконда болады, олардан арнайы тетікті басқанда, олардың белгілі бір дозасы хирургтың қолына құйылады, ол ерітіндіні қол терісіне 2-3 минуттай сүртеді. Процедура екі рет қайталанады. Қосымша илеу және кептіру қажет емес.
|
Спасокукоцкий-Кочергин әдісі
|
Мүсәтір спиртінің 1% ерітіндісі зарарсыздандырылған бассейнге құйылады және сол мөлшерде су қосылады. Қолдарды әрдайым сұйықтыққа батыру керек, қолдың әр бөлігін дәке шүберекпен кезекпен, барлық жағынан жуу керек. Мүсәтір спирті ерітіндісінде жуғаннан кейін қолдар зарарсыздандырылған сүлгімен құрғатып сүртіледі.
|
Йодоприронмен өңдеу әдісі
|
Қолды 1 минут жылы сумен және сабынмен жуып, стерильді салфеткамен сүртеді. Содан кейін қолдар 0,1% йодопирон ерітіндісіне батырылады және стерильді салфеткамен 4 минут жуылады. Стерильді салфеткамен құрғатып, қолғап киеді.
|
Альфельд әдісі
|
Алғашқы екі этап Фюрбрингер тәсілімен бірдей.
III ЭТАП – Қолды 96 % спиртпен 5 мин бойы өңдеу
және тырнақты йод ерітіндісімен өңдеу
|
Фюрбрингер әдісі
|
I ЭТАП – 10 мин бойы қолды екі стерильды
щеткалармен сабындап жылы сумен
жуады. Алақанды, қол басын, тырнақ
асты кеңістігін, білекті жоғарғы 1/3 дейін
жақсылап жуады
II ЭТАП – Қолды стерильды орамалмен
немесе салфеткамен реттілікпен
құрғатады (алдымен қол басы, кейін
білек төменнен жоғары қарай, яғни
шетінен орталыққа қарай)
III ЭТАП – 5 мин бойын қолды70% спиртпен
өңдейді, осы кезде алкогольде еріген май
кетеді және эпидермистің жоғарғы
қабаттары зарарсызданады
|
Тапсырма
Жібектің
стерилизациясы
Кохер және Бакулев
әдістерімен
жүргізіледі
Хирургиялық
жібекті табиғи
жібектен жасайды
Тігетін материалдар
5-Тапсырма Тігіс материалдарын залалсыздандыруға алдын ала дайындау:
I ЭТАП. Жібекті жылы суда сабындап 10 мин бойы
жуады, таза суда шайып, стерильды орамалмен
кептіреді.
II ЭТАП. Медбике операцияға сияқты жуынып, жібекті
орамаға немесе шыныға орайды да 24 сағатқа май кету үшін эфирге салып қояды.
III ЭТАП. Жібекті 24 сағатқа спиртке суы кету үшін салып
қояды.
IV ЭТАП. Сулема ерітіндісінде 1:1000 қатынасында
6-Тапсырма Сәйкестендіріңіз
Галоидтар
|
b)Хлорамин, йод, йодонат
|
Ауыр металл тұздары
|
e)Күміс нитраты, сынап гидрохлориді
|
Альдегидтер
|
f)Формалин
|
Фенол
|
a)Карбол қышқылы
|
Бояғыштар
|
d)Бриллиант жасылы
|
Спирттер
|
c)Этил спирті
|
Қышқылдар
|
k)Бор қышқылы
|
Тотықтырғыштар
|
i)Сутегі асқын тотығы, калий перманганаты
|
Нитрофурандар
|
g)Фурациллин, фуразилодон
|
Сульфаниламидтер
|
c)Бисептол, стрептоцид
j)Нитроксолин, энтеросептол
|
Хиноксалин туындылары
|
m)Диоксидин
|
8-оксихинолин туындылары
|
j)Нитроксолин, энтеросептол
|
Детергенттер
|
l)Денмин, дегмицид
|
Достарыңызбен бөлісу: |