57
орталық Ресей мен Украинадан шаруалардың көшірілуі тікелей де, жанамалай да әсер етті. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қазақ руларының бұрыннан келе жатқан байланысы жаппай
бұзылып, этнографиялық топонимия кейпінің де бұзылуына әкеліп соқтырды. Сөйтіп,
көптеген күз, жайлау, қыстау аттары топонимдік белгілер ретінде микротопонимияға қызмет
етуін тоқтатып, біртіндеп ұмытыла бастады. Қазақстанның ұлттық этнографиялық
топонимиясы өзгеріске ұшырап, ұлттық топонимия жүйесіндегі халықтық атаулар мақсатты
түрде өзгертіліп, олар орыс және отаршыл әкімшілік қайраткерлерінің, Романовтар әулетіндегі
патшаның ерекше адамдарының, үздік деп танылған миссионерлердің, әскер басшыларының
есімімен атала бастады. Сөйтіп, ұлттық топонимдердің біразы алмастырылды:
Достарыңызбен бөлісу: