56
қаласы жағынан сулы, нулы, балыққа бай жерлерді сағалап татар семьялары көшіп келіп, сол
келген жерлерін Қазан татарларының қоныстануына байланысты атай бастаған. Келген
татарлар Сарыөзеннің бойындағы шұрайлы жерлерді иемденіп, елді мекен сала бастайды. Оны
«Казанка»,
ал кейіннен
«Жаңа қазан»
деп атаған.
Қалмақ қыры
-
Жаңақала ауданындағы Маштексай кеңшарының Екпінді бөлімшесіндегі
елді мекен. Қалмақтар жайлы дерек тарихта ертеден белгілі. Біздің заманымызға дейінгі
мыңжылдықта қалмақтар солтүстік Қытай мен қазіргі Монголия жерін мекендеген. ХІІІ-ХҮ
ғасырларда қалмақтар Шыңғысхан империясының құрамына күреді. Батыс Монголияның
Ойрат аталатын халқы Жоңғар жерінде өз алдына хандық құрады. ХІ-ХІІІ ғасыр арасында
Жоңғар хандығы нығайып, жаңа жерлерді басып ала бастады. Ойраттардың торғауыт князы
Хо-урлюк 40 мыңдай әскерімен Сібірдің оңтүстік шекараларына жетіп
,
Оралдан өтіп, Еділ
өзенінің сағасына қалмақ хандығын құрады (50,31-65). Батыс Қазақстан даласы арқылы
қалмақтардың өткендігін, олардың қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жасап
тұрғандығын, қазақтардың қалмақ басқыншыларына ойсырата соққы бергендігін және т.б.
оқиғалар туралы
Достарыңызбен бөлісу: