бірен-саран
топонимдердің бар екенін де айтқымыз келеді.
Батыс Қазақстан топонимдерінің біраз бөлігі
өзен, су, құдық, бастау, сай, көл атауларына
байланысты
қойылған.
Мұндай
географиялық
обьектілерге
қойылған
атауларға
экстралингвистикалық факторлар қатты әсер еткен. Өйткені көшпенділер жаз бойы суы мол
жерлерге көшіп жүрген. Немесе бұлақ, бастауы бар жерлерді іздеп жүріп қоныстанған.
Сондықтан ол жерлерге ат қоюдың мәні зор болған. Ал суы тапшы жерлерде құдық қазуға тура
келген. Құдық қазу да үлкен шеберлікті талап етсе керек, себебі жинақталған 50-ге жуық
құдық атауы бірін - бірін қайталамайды. Тарихи-этнографиялық топонимдерге жататын құдық
атаулары басқа обьекті атауларымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мысалы,
Қойқұдық, Шегенқұдық, Шетенқұдық, Шымқұдық, Тасқұдық, Құмқұдық, Тереңқұдық, Мектепқұдық, Тоқтықұдық, Жасқұдық, Қайшақұдық т.б. Бұл құдықтардың сырт көрінісі, сапасы, әркелкі
болғандықтан, оған қойылатын атаулар да әр түрлі. Бұл атаулар көшпелі қазақ өмірін және мал
шаруашылығының кейбір ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, құдық сөзімен қатар
шеген сөзі
де жиі кездеседі. Түсіндірме сөздікте «
Шеген - құдыққа қаланған тас, қималанған ағаш,
ағашпен не таспен ұру» (45, 186, 10т.) деп берілген. Яғни,
шек - шек(г) -ен, немесе шеге- шеге+н деп жасалған заттық мағынадағы топоним. Мысалы,
Шеген, Шегенқұдық, Егіндішеген, Ажғалишеген , Қоңыршеген, Қосшеген, Сәлтаншеген, Тасшеген. Басты
шаруасы алдындағы малы болған қазақ халқы құдықтарды бағымындағы мал атымен де
атаған:
Егізқұдық, Қойқұдық, Түйеқұдық, Тоқтықұдық, Шошқақұдық, Бұзауқұдық т.б.