геофизикалық топонимдер, адамның іс-әрекетіне байланысты топонимдер, фитотопонимдер, зоотопонимдер деп төрт түрлі жүйемен беруге де болады
5
.
Батыс Қазақстан топонимдері құрамында геофизикалық обьектілерді белгілейтін
тау, т өбе, сай, көл, өзен, бұлақ, бастау, құм, дала, оба, қопа т.б.
сөздер молынан кездесіп
отырады. Мысалы,
Ақтау, Аққұм, Қаратөбе, Талдыбұлақ, Сасайтөбе, Барбастау, Нарынқұм, Ащысай, Тереңсай, Тереңкөл, Батпақөл, Шөптікөл т. б.
Осы аймақтың топонимдерінде геофизикалық обьектілер мен оның бөліктері ғана емес,
сонымен қатар осы аймақтағы өсімдік түрлерінің топонимиядан орын алуына екі түрлі жағдай
әсер еткен:
1. Мал жейтін шөптің аты болуы тиіс;
2. Осы обьектілерде өсетін өсімдіктердің ішіндегі жиі кездесетінінің атауы болуы тиіс;
Мысалы, Батыс Қазақстан облысының біраз аудандарының дәмді болып келуі осы дәмді өсетін
шағыл шөбіне қатысты. Ол
Айқайшағыл, Айғыршағыл, Қуаншағыл, Көкшағыл, Қалмақшағыл атауларының пайда болуына негіз болған. Немесе аймақтық шөлейт
жерлеріндегі топонимдердің біршамасы
жусан, жантақ, жыңғыл, тобылғы шөптеріне
қатысты қойылса (
Жусандыой, Жосалы, Жусандық , Жыңғылсай, Тобылқы , Жантақтыой, Жантақкөл т.б.
) , сулы аймақтың топонимдері
ағаш, терек, қамыс, тал секілді сулы жерде
өсетін ағаш тұқымдас өсімдіктер атауларынан қалыптасқан (
Теректі, қамысты,