ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет87/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Аралтөбе, Аралтал, 
Аралсор, Қосарал, Ашарал
 
деген жерлерде теңіз де, көл де жоқ. Бұл жерлерде өте ерте заманда 
су болып, соңынан құрғап қалуы мүмкін. Бірақ қандай десек те, осы топонимдер бойында 
аралға ұқсатудың нақты нышандары байқалады.
Жалпы түркілік лексиканың номинативтік және этимологиялық қырларының тарихи 
қалыптасуында 
дыбысбейнелеуіш
 
сөздердің де ролі үлкен екені белгілі. Осы орайда, бұл 
құбылысты зерттеген К.Ш.Хұсайыновтың еңбегі (94,280) 
салыстырмалы талдау көлемін 
кеңейтіп, дыбыс бейнелеуіш единицаларды функциялық та, тарихи да тұрғыдан қарастырады. 
Осы мақсатта алғаш рет қазақ тілі материалы негізінде бір және екі буынды түбір негіздер 
деңгейінде дыбыс бейнелеу мәселесі зерттелді. Ғалымның жоғарыдағы зерттеуіне сүйене 
отырып, тілдік фактілердің дыбысбейнелеуіштік тегін анықтап, көптеген жер-су атауларының 
дыбыстық, морфологиялық және семантикалық ерекшеліктеріне дыбысбейнелеуіштік 
құбылыстың тигізер әсерін анықтауға болады. Осылайша кеңестік тіл білімінде С.В.Воронин 
негізін салған фоносемантика әдістерінің көмегімен атаулардың дыбысбейнелеуіштік және 
дыбыселіктеуіштік табиғаты анықталады (95). Біздің ойымызша, фоносемантикалық негізде 
көптеген топонимдердің де дыбысбейнелеуіш не дыбыселіктеуіш табиғатын анықтауға 
болады. Мысалы,
 
Сарқырама, Шыңғырлау, Ысқырқантау, Борама, Гүрілдеуік, Азынабай
 
т.б.
 
елді мекендер атаулары дыбысқа еліктеуден, көзбен көріп бейнелеуден, сол 
құбылыстардың қимылын атап көрсетуден пайда болған. Мысалы, 
Шыңғырлау 

өзен атауы 
және аудан орталығы, сыңғырлап аққан су дыбысына еліктеуден қойылған атау. Осы тәсілді 
Ешқырқантау
оронимінен де анық байқауға болады. Бұл ороним 
с~ш 
дыбыстарының 
алмасуы нәтижесінде 
Ысқырқантау 
сөзінен қалыптасқан. «Географиялық атаулардың басты 
екі белгісі - уәжділік (мотивированность) және тұрақтылық» (14,70,). Яғни, атау болуға себеп 
болған өзен сыңғыры - тұрақты түрде бірнеше ғасыр топоним қызметін атқаруда. 
Этимологиялық фоносемантика дыбысбейнелі лексиканы бейтарап бейнелі лексикаға 
айналу тетігін ғана ашпайды, сонымен бірге сөздің тарихи-морфологиялық құрылымын 
талдауға да көмектеседі (94,165,).
Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет