ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет88/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Азынабай-Тайпақ
 
атауының 
азына 
түбірі 
«маң 
даладағы жел, боранның аты»
мағынасымен байланысты беріліп, сол жердің 
геометеорологиялық ерекшелігін көрсетсе, 
Тайпақ 
топонимі қазақ тіліндегі «
биік емес, аласа
»
(45, 541, ­ІІІ т.) деген мағынаға сәйкес, сол жердің ерекше белгісіне қарай қойылған. Демек, 
бұл атау жердің физика-географиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған. 
Өте ерте замандардың өзінде адамдар бір жерге қоныстанғанда, айналасындағы 
қоршаған ортаға атау таға бастайды. Сөйтіп, оларды қоршаған әрбір объект белгілі бір 
мағыналы атауға ие болған. Әдетте, қойылған атаулар сол объектінің жалпы қасиетін сипаттап 
тұрған. Өзен атауы көбіне өзінің ағысымен, тереңдігімен, түсімен бейнеленуге лайық болып 
тұрса (мысалы, 
Қараөзен, Сарыөзен, Жайық өзені, Тіленші өзені,
 
Кіші өзен),
ал елді мекен 
атаулары көбіне ландшафт, флора, фауна ерекшеліктері мен қоныстанушылардың өз 
өмірлеріндегі фактілерге байланысты беріліп отырды. Мысалы, 
Қамысқопа, Егізқопа, 
Тасқала, Борыш, Шегенқұдық, Күйгенкөл, Астаусалған, Тасоба, Тасаңқар, Қайшақұдық, 
Қандыөзек, Таласкөл, Шоңқайлыкөл, Бозкөлмек
т.б.
 
Тылсым табиғат сыры адамзатты үнемі қызықтырып отырған. Бұл құмарлық адам мен 
табиғат арасында берік байланыстың орнауына себепші болды. Ол байланыс кез келген 


51 
халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне, ұлттық ерекшелігіне өзінің үлкен әсерін тигізді. 
Тіпті табиғат адамның келбеті мен пішініне де әсер етті. Табиғат көрінісінің ұлтқа қалай әсер 
ететінін адамның түр келбеті, шаштың түсі, көздің, бет пішіннің құрылыс ерекшеліктерінен де 
көруге болады. Мысалы, әр түрлі табиғат аймақтарында өмір сүретін адамдар сол табиғат 
жағдайына үйреніп, лайықты шаруашылықпен айналысады. Табиғат көрінісіне, жағдайына 
икемделу - адамның негізгі бір қасиеті. Жүздеген немесе мыңдаған жылдарға созылатын бұл 
икемделу тек материалдық өндіріспен ғана байланысты емес, ол адамдардың ой-өрісіне де 
әсер етеді. Осының нәтижесінде әлеуметтік қатынастар, әр ұлттың өзіне лайық мәдениеті, 
еңбек түрлерінің ерекшеліктері қалыптасады. Мысалы, зерттеу объектісі ретінде алынып 
отырған Батыс Қазақстан облысының Орда және Қаратөбе аудандарының жері құмды келеді. 
Сондықтан бұл жерлерде басқа аудандарға қарағанда, мал шаруашылығымен айналысу, соның 
ішінде түйе өсіру, оны пайдалану кәсібі заңды жалғасын тапқан. Сол себепті бұл аудандарда 
түйе малына байланысты, сол малға лайықты жер ерекшелігін сипаттайтын, оның флорасын 
көрсететін топонимдер кездесіп отырады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет