51
халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне, ұлттық ерекшелігіне өзінің үлкен әсерін тигізді.
Тіпті табиғат адамның келбеті мен пішініне де әсер етті. Табиғат көрінісінің ұлтқа қалай әсер
ететінін адамның түр келбеті, шаштың түсі, көздің, бет пішіннің құрылыс ерекшеліктерінен де
көруге болады. Мысалы, әр түрлі табиғат аймақтарында өмір сүретін адамдар сол табиғат
жағдайына үйреніп, лайықты шаруашылықпен айналысады. Табиғат көрінісіне, жағдайына
икемделу - адамның негізгі бір қасиеті. Жүздеген немесе мыңдаған жылдарға созылатын бұл
икемделу тек материалдық өндіріспен ғана байланысты емес, ол адамдардың ой-өрісіне де
әсер етеді. Осының нәтижесінде әлеуметтік қатынастар, әр ұлттың өзіне лайық мәдениеті,
еңбек түрлерінің ерекшеліктері қалыптасады. Мысалы, зерттеу объектісі ретінде алынып
отырған Батыс Қазақстан облысының Орда және Қаратөбе аудандарының жері құмды келеді.
Сондықтан бұл жерлерде басқа аудандарға қарағанда, мал шаруашылығымен айналысу, соның
ішінде түйе өсіру, оны пайдалану кәсібі заңды жалғасын тапқан. Сол себепті бұл аудандарда
түйе малына байланысты, сол малға лайықты жер ерекшелігін сипаттайтын, оның флорасын
көрсететін топонимдер кездесіп отырады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: