4
70 жылдығына орай барлық Кеңес одағының батырларының есімі көше атауларына
берілсін деген үкіметтің өкіміне байланысты тағайындалды. Әлі ресми түрде есепке
кірмеген, өз тұрған аудандарын « Самал 1» деген сияқты халықтың өзі қойған атаулары
мен көшелері бар, олар облыстық құрылыс-
архитектура басқармасында
тіркелмегендіктен, ол көшелер туралы деректер енгізілген жоқ.
Сонымен қатар, бұрыннан келе жатқан орыс тілді көшелердің атауларына
тоқталмағандығымызды ескерткім келеді. Бұл көшелер алдағы уақытта әлі өз тілімізде
аталатын көшелерге ауысатын болады. Аудан, облыс аттарымен аталатын көшелер бар
және абстракты атауларға бірер сөйлеммен ғана түсінік берілді.
Оларға да тоқталуды қажет деп есептемедік. Бұл жұмыстар болашақта әлі де
толықтырылып, суреттерімен, картасымен шығарылатын болады.
Қала бойынша 778 көше атауларының жартысына жуығы өзгермей жатса да,
қолда бар деректерді жинақтап, қазақша
көше атауларының баянын жазып, торқалы
тойға шашу болсын деген ниетпен көптен бергі көкейде жүрген жұмысты көпшілікке
ұсынып отырмын. Монография тілші ғалымдарға, тарихшыларға, өлкетанушыларға,
ауылдық, аудандық, облыстық
әкімшіліктер мен байланыс, көлік, өнеркәсіп,
ауылшаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне және туған өлкенің кешегісі мен
бүгінгісіне қызығушы көпшілік қауымға арналады.
Автордан.