11
шаруашылығымен ғана айналысқан момақан ел болып қалған жоқ, өздері жайлаған Алтай мен
Карпатқа дейінгі Ұлы даланың шын мәніндегі иесі болды.
ХҮ ғасырдың басында Қазақ хандықтары шашыраңқылығына қарамастан, бірыңғай
этникалық халықтан тұрды. Тілдерінде де көп өзгешелік болған жоқ. Қазақ халқының
әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігі бірыңғай болып келіп, әр түрлі тайпалар мен ру
бірлестіктерінің этникалық белгілері де ортақ сипатта болды.
Осы өлкені зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, ХҮІІ ғасырдың 70-80 жылдарында
Қазақстанның Батыстағы ірі өзенінің бірі - Жайық бойына орыстар келіп қоныстана бастады.
Орыс мемлекеті бұл жерлерді, ел мекендемеген «Жабайы дала» деп атады. Сондықтан олар
осы «ешкім мекендемейтін» даланы тез арада өздеріне меншіктеп, бекіністерін салып,
әскерлерін қоныстандыруға тырысты. Алайда көшпенді халықтың ұлттық-этнографиялық
психологиясынан хабарсыз келімсектер мал шаруашылығымен айналысқан халыққа көктемде
тасқын суы, жазда шіркейі мен масасы мол жердің үнемі отырықшылдыққа қолайлы болып
келмейтінінен мүлде хабарсыз болатын. Бабадан қалған мұрасы - жерінің бағасын анық
бейнелейтін:
«Еділ менен Жайықтың
Бірін жазда жайласаң,
Бірін қыста қыстарсың» - деген шумақтар тегін тумаған.
Ерте заманнан мал шаруашылығымен шұғылданып, шұрайлы жер, саржайлау қуып,
көшіп-қонып жүрген қазақ халқы қыстаған, өсіп-өнген жеріне, оның өзен-көл, тау-тас, орман-
тоғай, төбе-жырасына ат қойып, айдар тағып кеткен. Жер-су атауларының қойылу, пайда болу
себептерін бұл өлкені ерте замандарда мекендеген ру, тайпа бастап өмір сүрген халықтардың
тіл тарихымен тығыз байланысты қараған жөн. ХҮХҮІ ғасырларда отырықшылықтың кеңірек
етек алуымен байланысты Батыс өлкеде, әсіресе, Жайық бойында ірі қалалар мен қыстақтар,
елді мекендер көптеп салына бастағаны тарихтан белгілі (17, 320, ғғ т). Осы тарихи
кезеңдердің барлығы, тіпті кеңестік дәуірдегі қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі
белестері халықтық топонимияда өз ізін қалдырып отырды. Осындай тарихи және
миграциялық процестер нәтижесінде Қазақстанның мәдени өмірі, соның негізінде қалыптасқан
мәдени лексикасы бірнеше кезеңдер мен топтарға бөлінеді. Лексиканың құрамдас бөлігі
саналатын жер-су атауларын жеке зерттеу объектісі ретінде қарастыруда осы ерекшеліктер
ескеріледі. Яғни, Қазақстан топонимиясын тарихи-лингвистикалық қабаттарға бөліп, оны
стратиграфиялық тұрғыдан сипаттауда осы аймақтың тарихи кезеңдері, басты даму сатылары
дербес айқындалды. Қазақстан топожүйесіне тән осындай ортақ заңдылықтарды зерттеген
еңбектерді зерделеу нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының топонимиясының қалыптасу
және даму кезеңдерін төмендегіше топтастырдық:
Достарыңызбен бөлісу: