ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің стратиграфиясы



Pdf көрінісі
бет9/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

1.2. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің стратиграфиясы 
 
Соңғы жылдары топонимикада 
с т р а т и г р а ф и я
немесе 
топонимдер 
стратиграфиясы
деген термин пайда болды. Шет тілдер сөздігінде «стратиграфия - тау 
жыныстарының қат-қабаттану формаларын және жер қабығы қабаттарының тарихи тізбекте 
жасалуын зерттейтін геологияның бөлімі» деп анықтама берілген
(18,47). Қазақ тіл біліміндегі 
топонимика мен этимологияны сабақтастыра зерттеген белгілі ғалым Ә.Әбдірахманов қазір 
стратиграфия терминінің бұл мағынасының кеңейіп, топонимика ғылымындағы жер-су 
аттарының жасалуындағы тарихи көне қабаттарды, соның ішінде ең көне субстратты 
топонимдерді зерттеуде қолданылатын терминге айналып отырғандығын атап көрсетті (19,58). 
Яғни, бұл термин, көбінесе, топонимдердің көмескіленген этимологиясын айқындауға қатысты 
қолданылады. Батыс Қазақстан аймағында да мағынасы түсініксіз топонимдер баршылық. 
Осындай мағынасы күңгірт тартқан атауларға қатысты жергілікті халық түрлі мағына ойлап 
тауып, сол сөздің шығу тарихы төңірегінде халықтық этимологияға тән түрлі әңгімелер 
туғызған. Шын мәніндегі тілдік заңдылықтар мен басқа да тарихи деректерге сүйенген ғылыми 
этимология өз шешімін күтуде. 
Батыс Қазақстан топонимдері құрамында байырғы төл сөздерден жасалған 
топонимдермен қатар, басқа тілдерден енген топонимдер саны да біраз. Бұның өзі аймақ 
топонимиясын зерттеуде топонимдер құрамындағы түрлі дәуірлерге тән лексикалық 
қабаттарды анықтауға негіз болады және ол сөздер тіл тарихынан аса құнды деректер бере 
алады. Батыс Қазақстан топонимиясы құрамында көне дәуірге тән лексикалық қабаттардың 
сақталып отырғанын аймақ бойынша жинақталған материалдардан анық көруге болады. Ол 
атаулардың біразы қазіргі әдеби тілімізде кездеспейді және ол сөздер мән-мағынасы жағынан 
бүгінгі таңда қалың көпшілікке түсініксіз болып келеді. Сондықтан ол атаулардың бастапқы 
лексикалық мағынасын айыру, құрамындағы дыбыстардың фонетикалық тұрғыдан өзгеру 
күйін анықтау тіліміздің ерте кездегі лексикалық қорынан қажетті дәрежеде мағлұматтар 
береді. Бұның өзі Батыс Қазақстан топонимиясын диахронды сипатта зерттеуді, тарихи 
стратиграфиясын анықтауды қажет етеді.
Батыс Қазақстан облысы территориясында әр түрлі тілдік семьяларға жататын 
топонимдер жинақталған. Бұл құбылысты профессор В.И.Абаев былай сипаттайды: «народы и 
племена, сменяя друг-друга на определенной территории, не исчезают бесследно. Каждое 
новое племя получает и сохраняет кое-что от своих предшественников. Это «кое-что» может 
быть и весьма значительным»
(20, 115).
Топонимдер материалдары - лексиканың әр дәуірдегі бөлек-бөлек қабаттарының 
тарихын ашуға негіз болатын құнды қайнар бұлақ. Бұған грамматикалық құрылымы мен 
фонетикалық жүйесү тұрғысынан көне болса да, қазіргі әдеби тілімізде байқала бермейтін ру, 
тайпа аттарын сипаттайтын мыңдаған географиялық атаулар дәлел бола алады. Олардың түп 


13 
мағынасын ашу, географиялық атауларды қалыпқа келтіріп, олардың морфологиялық 
құрылымын, фонетикалық деформацияларын анықтау арқылы қазіргі қазақ тілінің сөздік 
қорын қосымша мәліметтермен толықтырамыз.
Аса бай тарихы бар Қазақстан территориясындағы жер-су атауларын бірыңғай 
топонимикалық жүйеде қарастыру мүмкін емес. Ғалымдардың пікірінше, жоғарыда 
көрсетілгендей, Қазақстан топонимиясы тарихи қалыптасуы жағынан түрлі тілдік қабаттардан 
(страттардан) тұрады:
1) көне қабат;
2) ерте дәуірдегі жалпытүркілік қабат;
3) араб-иран қабаты;
4) моңғол қабаты;
5) орыс қабаты;
6) жаңа қабат (9, 77-114).
Ал лексикалық сипатына сәйкес, құрамында кездесетін сөз тудырушы аффикстердің 
негізгі тұлғаларының реликтілік белгілері бойынша және хронологиялық сипаты жағынан 
топонимдер төмендегідей қабаттарға бөлінеді: (21, 88-89). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет