ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет86/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Таласкөл,
 
Таласкұдық 
 
атаулары дәлелдей 
түседі. Бөліске түскен ортадағы жер екі жақтың мал жайылымы мен суарылуы үшін талас 
болып келген. Міне, осы атаулардың қай-қайсысы да тілдің осы басты қасиеттерін бойына 
жинап, мағыналары арқылы бірден жер туралы, тұрмыс-тіршілік туралы хабар беріп тұр. 
Мысалы, Казталовка ауданындағы 
Таласкөл 
атауы информанттар арқылы бізге жеткен 
аңыздар бойынша 
 
Батыс Қазақстанды
 
жайлаған екі үлкен рудың - Кердері мен Табын 
руларының мал суару кезіндегі көл суына таласу әрекеттерінің негізінде пайда болған. 
Осындай халық өмірінің әр кезеңдерінде пайда болған мәдени құбылыстар мен өзгерістер 
(көшпенді, жартылай көшпенді шаруашылық, егіншілік пен жер суландыру, отырықшылық 
пен қала салу т.б.) өмірге жаңа топонимдер әкеліп отырды. Сөйтіп, топонимдер жүйесінің 
қалыптасуы мен қызмет етуіне ықпал жасады. 


50 
Әрбір географиялық атау тарихи жағынан негізінен уәжделген болатынын жоғарыда атап 
өттік, себебі атау үшін алынған себептің өзі мәнді, заңды, тарихи маңызы бар болуы мүмкін. 
Сондықтан географиялық атау болған зат жойылып, осы территорияны мекендеген халықтар 
кетсе де, сол халықтардың аты өшсе де, атау келесі тұрғындардың жолында өмір сүруін 
жалғастыра береді. Осы таратылып стихиялы түрде, белгісіздеу түрде қамтамасыз етілсе де, 
күнделікті қарым-қатынасқа енген атау рулар мен халықтардың арасындағы байланыс пен 
қарым-қатынасты сақтап қалды. 
Нақты атаудың пайда болуы қандай да бір ішкі фактімен тарихи уәжделіп, күні бұрын 
анықталатындығын, топографиялық атаудың ешқашан кездейсоқ болмайтындығын және 
мағынасыз болмайтындығын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.
Халық белгілі бір географиялық обьектінің түрін, түсін, пішінін, көлемін көзбен шолу 
арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық (этнографиялық) нышандар болады. Мысалы, 
арал
сөзі
түркі және моңғол тілдерінің барлығында да «жан-жағын су қоршаған құрылық» 
дегенді білдіреді. Батыс Қазақстан облысында осы сөз тіркескен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет