ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет84/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

уәждер (мотивтер)
деп атайды. Уақыт өте келе 
ол белгілердің көбі өзгеріп, көмескіленіп, әртүрлі тарихи, әлеуметтік, экономикалық 
жағдайларға байланысты ұмытылуы да мүмкін. Бірақ атау тілде өмір сүре береді» (85, 248). 
Осы пікір жер-судың атауларының қалыптасуына да тікелей қатысты. Себебі 
А.В.Суперанскаяның айтуынша, «әрбір атау - тарихи, ал топонимиканы түгелдей тарихтың 
айнасы деуге болады. Географиялық атаулар, көне атаулар тарихи ескерткіштер сияқты. 
Өйткені онда өткен дәстүрді әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері, ең 
негізгісі сол кезеңдегі тілдің қалпы көрінген» (93, 23-26).
Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Онда 
этностың тарихы, салт дәстүрі, наным-сенімі, шаруашылығы мен тіршілік тынысы жайында 
аса бағалы мәліметтер беріледі. Міне мүндай көзқарас тұрғысынан қарағанда, этникалық 
тілтума ерекшелікті молынан сақтап келген аймақтық топонимика лексикасында зерттеуді 


49 
қажет ететін, сыры ашылмаған қатпарлар аз емес. Осыған орай мына пікір орынды айтылған: 
«Жалқы есімдер теориясын зерттеушілердің айтуынша, жалпы зерттеу бұрынғыдай жердің 
бетін ғана қарастырып өту болса, белгілі бір аймақты зерттеу жер асты қабаттарын түгел 
тексеру үшін оны барлаумен тең»
(13, 10). 
Біздің жұмысымыздың зерттеу обьектісі болып отырған - негізінен Батыс Қазақстан 
аймағындағы қолданылып жүрген жер-су атауларының макро, әсіресе, микрожүйесі, оның 
этнолингвистикалық сипаты. Топонимдердің этнолингвистикалық сипаты - қазақ тіліндегі 
лексикалық единицалардың табиғатымен байланыста тұтас зерттелетін мәселе. Сондықтан оны 
жалпы тілдік құрылым жүйесінің дамып қалыптасуынан, тіпті түркі тілдерінің тарихи даму 
барысынан тыс
қарау мүмкін емес. Түркі халықтарының туыстық, тарихи-мәдени байланысы, тығыз қарым-
қатынасы ономастика жүйесінде көптеген ортақ белгілердің пайда болуына әсер етті. 
Сондықтан қазіргі таңда кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік 
заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың, халықтың 
дүниетанымына, ел-жер тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне, ұлттық менталитетіне тығыз 
байланысты алуда.
Этнолингвистикалық зерттеудің обьектісі ретінде алынып отырған Батыс Қазақстан 
облысы - көшпенді және отырықшы мәдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір үзгі іспетті. 
Ол есте жоқ ескі заманнан берү малшылар мен егіншілердің экономикалық, мәдени, саяси 
жақтан қоян-қолтық араласқан, бір-біріне әсер еткен, бірін-бірі байытқан көшпенді мәдениет 
пен отырықшы мәдениеттің мекені болды. Осы өлкенің өзіне тән тарихи-мәдени ерекшелігі, 
сөз жоқ, Батыс Қазақстан тарихи топонимдерінде өзінің ізін қалдырып отырды, өйткені 
топоним- біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Олар - көптеген тарихи оқиғалармен 
байланысты болғандықтан, өлкетану білімімізді кеңейтіп, рухани дүниемізді байытып, 
талғамызды қалыптастыратын мәнді дүние. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет