ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет81/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Сонымен, -
ты
реликтілік тұлғасы - бүгінгі сын есім тудыратын -лы, -лі жұрнағының 
көне варианты. Ол қосымша атауларға жалғанған кезде басқа варианттары әлі қалыптаса 
қоймаса керек деген жорамал айтқымыз келеді. Себебі, облыс территориясында кейіннен 
қалыптасқан 
Бөрі+лі, Қайың+ды, Шортан+ды, Жоса+лы
атауларында реликтілік 
құрылымдардағы ерекшеліктер кездеспейді.
-Ты
қосымшасы арқылы қалыптасқан жер-су атауларының түркі тілдерінде де, моңғол 
тілдерінде де кездесуі топоформанттың өте көне қосымша екендігін дәлелдейді. Бұл қосымша - 
түркі тілдері мен моңғол тілдері туыстығының іргесі ажырамаған кезеңдерден жеткен көне 
реликтілік тұлға. Ал Батыс Қазақстан топонимиялық жүйесіндегі осы қосымша арқылы 
қалыптасқан 
Аңқаты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Жымпиты, Қалдығайты
топонимдері - 
басқа аймақ топонимдеріне қарағанда өзіндік ерекше топ құрайтын реликтілік құрылымдар. 
Топонимдер құрамында кездесіп, реликтілік сипатқа ие болатын қосымшалардың бірі - 
ық, -ік, -қ 
қосымшасы. Бұл тұлға 
Жайық, Жазық, Борық

Мортық
секілді атаулар құрамында 
кездеседі.
Тарихи тұрғыдан
-ақ, -ық, -қ, -к, -ұқ, -үк, -ик, -ік
т.б. жұрнақтарының түркі тілдерінде 
өте өнімді қолданыс табатындығын белгілі тюрколог Э.В.Севортян көрсеткен атап болатын 
(33, 342).
Қазіргі түркі тілдерінің сөзжасам жүйесінде де бұл жұрнақ көптеген сөздердің 
қалыптасуына негіз болуда. Мысалы, 
ойық, орақ, тарақ, төсек, қорық, қиық,
салық 
т.б. Демек, 
-ық, -ік, -қ
жұрнағы түркі тілдерінде көне ғасырлардан бастап қолданылып келе жатса да, сөз 
тудыру қабілетін күні бүгінге дейін жоғалтпаған қосымша. 
-Ық
жұрнағы қосылу арқылы жасалған сөздер кейбір сын есім мен зат есімнің даму 
жолын көрсетеді. Бұл жұрнақ арқылы қалыптасқан сөздердің кейбірі сын есімдік және зат 
есімдік маынаға қатар ие болғандықтан, оларды тек контексте қана айыруға болады. 
Жайық 
атауы да о баста сын есімдік мағынада пайда болып, кейін өзен атын білдіретін топонимге 
айналған. Оның алғашқы сындық мағынасын бір түбірден тарайтын «жайылған, жайылыңқы» 
сөздерімен салыстыру арқылы байқауға болады. 
Бұл қосымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет