ІІІ тарау. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
3.1. Ұлттық таным мен жер-су атауларының байланысы, оның тілдік
көрінісі
Этнолингвистика - тілді халықтың этногенезі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпы, мекен-
жайы, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысы, күнделікті тұрмысы, материалдық және
рухани мәдениеті тарихымен тығыз байланыста зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.
Мәдени-тарихи және этнографиялық контекстегі тілдік единицаларды зерттеуде
этнолингвистика ғылымы өз бастауын И.Г.Гердер және В.Гумбольдттан алады. Соңғы кезде әр
түрлі тілдік материалдар негізіндегі этнолингвистикалық зерттеулер кеңейе бастады. Бұл
тұрғыдан славян тіл білімі бойынша Н.И.Толстойдың, В.Н.Топорковтың, В.В.Ивановтың қазақ
тіл білімінде Ұ.Т.Қайдаровтың, Е.Н.Жанпейісовтың, М.М.Копыленконың, Н.Уәлиевтің,
Ұ.Ә.Ахметовтың, Ж.А.Манкееваның, С.Сатенованың, Р.Н.Шойбековтың еңбектерін атауға
болады (88; 72; 89; 15; 90; 85; 91). Академик Н.И.Толстой айтқандай, «тіл біліміндегі
этнолингвистика ілімі зерттеушілерді тіл менен рухани мәдениеттің, тіл менен ұлттық
менталитеттің, тіл менен халықтық шығармашылықтың арақатынасы мен байланысы сияқты
мәселелерді зерттеуге бағыттайды» (88, 397).
Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистиканың даму барысына шолу жасап, оның жеке сала
ретіндегі негіздерін анықтауға арналған еңбегінде проф. М.М.Копыленко қазақ тіл біліміндегі
академик Ә.Т.Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектепті «қазіргі этнолингвистикадағы
жаңа бағыт» деп бағалап, оның негізгі ерекшелігін былай деп атап көрсетті: «Это направление
изучает этнос в зеркале языка. В нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется
главным и непосредственным предметом анализа, этнология, история, культурология и прочие
нелингвистические дисциплины привлекаются как вспомогательные» (92, 17).
«Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны
танытады. Ал тану я анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске
асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әр түрлі болады.
Әр түрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан
танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда
(номинацияда) өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың
тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әр түрлі заттар түрінде тілде сөзбен
аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, бөліп, оны басқалардан ажыратып
танытқаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер әртүрлі болуы мүмкүн.
Мысалы, түр-түсі, қызметі, көлемі, орналасқан орны, басқа затқа қатысы т.б. әртүрлі ішкі және
сыртқы қасиеттер. Тіл білімінде ол белгілерді
Достарыңызбен бөлісу: |