ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Аққұм, Қарақұм, Қойқұм, Бекетай құмы



Pdf көрінісі
бет89/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Аққұм, Қарақұм, Қойқұм, Бекетай құмы, 
Нарын құмы, Омар құм, Жаңақұм, Жиенқұм, Шаянқұм, Жантақтыой,
 
Түйесойған, 
Түйеқұдық, Нарсойған, Нарөлген, Шағыл, Күйгенбоз, Қуаншағыл 
 
т.б. 
Этнос пен табиғатты біртұтас ағым деп қарау, әсіресе көшпелілер мәдениетін, олардың 
психологиясын түсіну үшін ерекше маңызды. Олардың қоршаған табиғи объектілерге 
тапқырлықпен қойған атаулары да, көбінесе, осы екі ағымның (этнос пен табиғат) нәтижелік 
көрінісі. Табиғаттың адамзатқа әсері олардың «көк тәңірге» құлшылық еткен сенімінен бастап, 
фольклордағы мифологиялық бейнелерден т.б. көрінеді. Осы әсер олардың топонимиясында да 
анық көрініс тапты. Ежелгі дәуір топонимдері халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік 
жай-күйінен, өткендегі өмір тіршілігінен әр қилы мәлімет беретін аңыз әңгімелерде, жыр-
дастандарда, ертегілік сюжеттерде көптеп кездеседі.
Халқымыздың көркем ой шежіресіне айналған халық ауыз әдебиетінде көрініс тапқан 
географиялық атаулар тарихи таным мен кейіпкер әрекеттері арқылы жазба әдебиетке жетіп, 
ең сенімді тарих куәгері ретінде сол жердің топонимиясына ғасырлар бойы қызмет етеді. 
Мысалы, Орда ауданының Ресеймен шекаралас аймағында 
Ертарғын 
өзені ағып жатыр. 
Сондай-ақ, «Қобыланды батыр» жырында 
«
Жайықтың
 суы ылай-ай, қор болды көзім жылай-
ай»
(112-б.), «
Жайықтың 
бойы қамысты, бермейміз деп намысты»
(135-б.), 
«Құба көлден 
өткенде, 
Сары 
өзенге
 
жеткенде» 
(77-б.) 
тіркестерінде 
Жайық, 
Сары 
өзен 
макротопонимдерінің кездесуі - олардың көнеге кететін тарихы бар екендігінің куәсі. Демек, 
жер-су атаулары -
 
ғасырлар бойы дәстүрлік жалғасын тауып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын 
тарихи тілдік мұра. Халық ауыз әдебиетінде көркем образдар, бейнелі суреттер, шиеленіскен 
оқиғалар желісі ғана сақталмайды, сонымен қатар сол әдебиетті тудырушы халықтың өмірінен 
де аса мол мәлімет беріледі. Осындай құнды деректің үлкен бір арнасы - ел жұрттың, халықтың 
жайлаған, қыстаған, көшіп-қонған мекендері, географиялық жағдайын танытатын жер-су 
атаулары, т.б.
Ұлттық топонимдердің сипаты тек тілдік фактілермен ғана ерекшеленбейді, сонымен 
қатар белгілі бір аймақтың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет