50
Әрбір географиялық атау тарихи жағынан негізінен уәжделген болатынын жоғарыда атап
өттік, себебі атау үшін алынған себептің өзі мәнді, заңды, тарихи маңызы бар болуы мүмкін.
Сондықтан географиялық атау болған зат жойылып, осы территорияны мекендеген халықтар
кетсе де, сол халықтардың аты өшсе де, атау келесі тұрғындардың жолында өмір сүруін
жалғастыра береді. Осы таратылып стихиялы түрде, белгісіздеу түрде қамтамасыз етілсе де,
күнделікті қарым-қатынасқа енген атау рулар мен халықтардың арасындағы байланыс пен
қарым-қатынасты сақтап қалды.
Нақты атаудың пайда болуы қандай да бір ішкі фактімен тарихи уәжделіп, күні бұрын
анықталатындығын, топографиялық атаудың ешқашан кездейсоқ болмайтындығын және
мағынасыз болмайтындығын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.
Халық белгілі бір географиялық обьектінің түрін, түсін, пішінін, көлемін көзбен шолу
арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық (этнографиялық) нышандар болады. Мысалы,
арал
сөзі
түркі және моңғол тілдерінің барлығында да «жан-жағын су қоршаған құрылық»
дегенді білдіреді. Батыс Қазақстан облысында осы сөз тіркескен
Достарыңызбен бөлісу: