Тайпақ топонимінің құрамында да берілген.
Аласа, тайпы, яғни,
жазық ұғымын беретін сөзге жалғанып,
-ық қосымшасы
Тайпақ атауын қалыптастырып тұр.
Тайпақ
ауданында кездесетін
Жазық ойконимі де осы ұғымды білдіріп, толықтыра түсіп осылай
қалыптасқан. Ал
Борық топонимінің қалыптасуында сәл өзгешелік бар. Алдыңғы топонимдер
құрамындағы -
ық қосымшасы етістіктерден зат есім тудырып тұрса, соңғы топонимнің
құрамындағы қосымша есімнен есім тудырып тұр.
Борық деп қамыстың тамырын айтады. Түсі
ақ, жеуге жарамды келеді. Осы атау өзінің ақ түсіне байланысты
бор сөзінен қалыптасқан
секілді.
Борық -
борқа ұқсас, бордай өсімдік деген мағынадан шықса керек.
-ық, -ік, -қ реликтілік тұлғасы белгілі бір объектінің атауы болып саналатын жеке
топонимдерде ғана кездесіп қоймайды. Сондай-ақ,
құдық, бұлақ, құлақ, көбік тәрізді
географиялық терминдерде де байқалады. Мысалы, топоформант қызметінде жиі кездесетін
құдық детерминативінің құрамында сарқыншақ
-қ тұлғасы бар. Дұрысында,
құю сөзі мен
құдық сөзі мағыналас. Түркі тілдерінде дыбыс алмасуларының болатынын ескерсек,
құдық сөзінің бастапқы тұлғасы
құй түрінде берілген.
Й-д алмасуының нәтижесінде
құд тұлғасына
айналып, оған
-ыі-(і) аффиксі жалғанып,
құдық топонимиялық терминіне айналған. Бұны
құй- құты салыстырулары арқылы анықтауға болады.
Й-д алмасуы түркі тілдерінің шығыс құн
тармағына тән. Демек, бұл процесс - көне дәуірдің жемісі. Кейбір түркі тілдерінде бұл термин
бастапқы мағынасында келеді.
құйу- азербайджан тілінде,
гуйы- түркімен,
киуи- түрік тілінде
кездеседі.
Сөзімізді қорыта келе, жоғарыда келтірілген дәлелдемелерімізге сүйене отырып, Батыс
Қазақстан топонимиялық жүйесінде көне ғасырлар қойнауынан жеткен реликтілік құрылымдар
мен реликтілік тұлғалар бар деп есептейміз. Ол реликтілік тұлғалардың қазіргі тілімізде
48
баламалары бар және ол қосымшалар бүгінгі жер-су атауларын қалыптастыруда белсенді
қолданылып жүр деп санауға болады.