52
«Географиялық фактор этникалық жиынтықтың ең негізгі жүйелі сапасының бірі екені
белгілі. Оған табиғи ресурстар, халықтың экономикалық, географиялық жағдайы, табиғи және
өндірістік территориялық кешендер мен оның жеке түрлері кіреді» (96, 285).
Батыс Қазақстан территориясы жазықты, төбелі, сулы жерлерді қамтиды. Жері құнарлы,
жазық даласы мал жайылымына жайлы болып келеді. Адамдардың қоршаған географиялық
ортаны шаруашылық және мәдени тұрғыдан игеруі, олардың өміріндегі тарихи, қоғамдық,
әлеуметтік өзгерістер жаңа ономастикалық атаулар жүйесінің тууы мен қалыптасуына
мүмкіндік береді. Халықтың болмысы, оның жер бетіндегі тіршілігі сөзбен таңбаланады.
Халық тіліндегі осындай дәйекті де деректі атаулардың күрделі бір саласы - топонимдер, яғни
жер-судың, туған, өскен өлкенің атаулары, әр алуан географиялық обьектілерге тағылған тілдік
айырым белгілер болып табылады. Топонимикалық деректер белгілі бір географиялық ағым
атаулары болғандықтан, тіл ішінде өз алдына сұрыпталған лексикалық қабат өмір сүреді.
Сондықтан Батыс Қазақстан облысындағы географиялық ортаның ерекшеліктері осы аймақтық
топонимиясында, географиялық жалқы есімдерінде жүйелі көрініс тапты деуге болады. Ол
атауларды
Достарыңызбен бөлісу: