ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Өлең+ді, Қалдығай+лы, Аңқа+лы, Шідер+лі, Жымпи+лы



Pdf көрінісі
бет78/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Өлең+ді, Қалдығай+лы, Аңқа+лы, Шідер+лі, Жымпи+лы, 
Бұлдыр+лы 
түрінде келуі тиіс. Бұл топонимдердің арасында осы заңдылыққа сәйкес келіп 
тұрған -
Қарағанды, Сүттігенді, Терек+ті
топонимдері. Бұл осы топонимдердің қалған 
атауларға қарағанда кейінірек қалыптасқандығын білдіреді. -
Ты
осымшасының көмегімен 
жасалған топонимдердің тілдік норма заңдылықтарына бағынбауы оның құрамындағы 
қосымшаның өзіндік ерекшелігі бар екендігін анық байқатады. ғалымдардың осы қосымшаға 
ерекше назар аударуы да сондықтан. Алайда олардың бұл қосымшаның тудыратын мағынасы 
мен шыққан негізі туралы пікірлерінің барлығымен бірдей келісуге болмайды. 
Е.Қ.Қойшыбаев «Казахские географические названия с формантами 
ты 
и
сы
» деген 
мақаласында -
ты
қосымшасының беретін мағынасын 
тау 
сөзімен байланыстырып, оны 
географиялық термин деп есептейді. «Если мы примем соответствующие окончания этих 
названий за аффиксы, следует предположить, что за ними могут следовать какие-то тюркские 
или тюрко-монгольские номенклатурные термины. Например, в качестве такого термина в 
данном случае могло бы выступать слово со значением 
гора
, т.е. один из тюркских 
фонетических вариантов: каз. 
тау
, кир. 
тоо
или 
тов
, алт. 
туу
или 
тоу
, тат. или башк. 
тав

чув. 
ту
и т.д.» (86, 142). Е.Қойшыбаев 
Жиделі, Мойылды, Сексеуілді, Шенгелді, Жыңқылды, 
Миялы, Жусанды, Қарағанды 
топонимдерінің құрамында 
-ты
реликтісінің кездеспейтінін бұл 
өсімдіктердің (жыңқыл, шенгел, мия, жусан, қараған, сексеуіл ) тек қана ойпатты жерде өсіп, 
таулы аймақта өспейтіндігімен байланыстырады. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет