ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет77/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

реликтілік құрылымдар
және 
реликтілік қосымшалар
деп шартты түрде бөлуді жөн көрдік. 
Батыс Қазақстан топонимиясындағы реликтілік құрылыммен келетін атауларға 
Жайық, 
Елек, Тайпақ, Жазық, Борық, Өлеңті, Бұлдырты, Аңқаты, Шідерті, Жымпиты, 
Қалдығайты, 
т.б. топонимдері жатады. Бұл топонимдер сыртқы тұлғасы жағынан түбір 
морфема тәріздес болып келгенімен, олардың әрқайсысына талдау жасау нәтижесінде осы 
атауларды реликтілік түбір мен реликтілік қосымшаларғ а бөлуге болады. 
Аймақ топонимиясындағы реликтілік құрылымдарға тоқталған кезде олардың арасында 
ерекше назар аударатын бір көне қосымша бар. Ол - бір топ жер-су атаулары құрамында 
кездесетін 
-ты
қосымшасы. Бұл қосымшаның ерекшелігі туралы бізге дейін де жарық көрген 
еңбектер бар. Мысалы, Е.Қ.Қойшыбаев осы қосымшаның табиғаты туралы арнайы ғылыми 
мақала жазып, бұл тұлғаның ерекше қасиетіне бөлек тоқталған болатын (7). Бұл тұлғаның тегі 
туралы мәселе Ғ.Қ.Қоңқашбаевтың мақаласында да айтылады (29). Алайда ол мақалардағы 
кейбір тұжырымдар әлі де айқындай түсуді қажет етеді деп ойлаймыз. Сондықтан Батыс 
Қазақстан облысы топонимдері құрамында жиі кездесетін осы қосымшаға жеке талдау жасау 
керек деп есептедік. 
Қазақстан территориясында 
-ты
қосымшасына аяқталатын бірнеше жер-су атауы бар. Ол 
топонимдер белгілі бір аймақ топонимиясына меншіктеуге келмейді. Мысалы, 
Алматы, 
Мойынты, Жаманты, Аршаты, Ырқайты 
топонимдері еліміздің оңтүстік және оңтүстїк-
шығыс территориясында кездессе
Өлеңті, Бұлдырты, Аңқаты, Шідерті, Жымпиты, 
Қалдығайты, Теректі 
атаулары батыс өлкеде орналасқан. Бұл жерде айта кететін бір 
ерекшелік, соңғы топонимдердің барлығы батыс өлкенің бір ғана облысында, Батыс Қазаістан 
облысы территориясында кездеседі. Мұның өзі Батыс Қазақстан облысы топонимиясын басқа 
облыс топонимиялық жүйесінен ажырататын негізгі белгілердің бірі болып саналады.
-Ты
қосымшасының беретін грамматикалық мағынасы мен шығу тегі туралы мәселе 
төңірегінде бізге дейінгі ғалымдар ортақ пікірге келе алмаған. Бұл қосымша тілімізде 
қалыптасқан грамматикалық норма заңдылықтарына сәйкес келмей отырғандығы кім-кімге де 


46 
белгілі. Егер тілімізде сан ғасырлардан бергі қалыптасқан тілдік норма жүйесіне сүйенер 
болсақ, жоғарыдағы атаулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет