ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Бұлақ-бастауларға қойылған  Барбастау, Базарбұлақ, Ащыбұлақ, Талдыбұлақ, Ақбұлақ



Pdf көрінісі
бет96/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Бұлақ-бастауларға қойылған 
Барбастау, Базарбұлақ, Ащыбұлақ, Талдыбұлақ, Ақбұлақ, 
Қарабұлақ 
т.б.
 
атаулар көшпелі қазақ өмірін және мал шаруашылығының кейбір 
ерекшеліктерін көрсетеді. Ал мұның өзі, яғни геофизикалық обьектілерді танып білу көшпелі 
өмірге аса қажет болды. 
Этнографиялық топонимдердің ұлттық және аймақтық ерекшелікте қалыптасуына мал 
шаруашылығымен қатар, отырықшылық мәдениет те әсер етті. Мал шаруашылығына, қала 
мәдениетіне, жер өңдеуге, суармашылыққа, егіншілікке қатысты осындай әр түрлі атаулар 
Батыс Қазақстан топонимдерінің құрамынан да орын алады. Мысалы, 
Жаңақора, Тоғытқора, 
Ашықбаз, Болат базы, Атқора, Ашқыстау, Аққыстау, ҚараҚыстау, Ағашой, Ақой, 
Қызылой, Көкой, Көпкүтүр, Таскүтүр.
Шаруашылық қызметі және табиғатты пайдаланудың дәстүрлерін көрсететін топонимдер 
тіршілігі бар аудандарда ғана болады. Ол жерлердегі тарихи оқиғаларды, адамдардың тұрмыс-
тіршілігін топонимдердің өзі-ақ сипаттап береді. Мысалы, 
Қайыс, Қақпақты, Садақ, 
Сиыртамақ, Найза, Астаусалған, Шөптүкөл, Қайрақты, Борлытау, Егіндікөл, Қойкөл, 
Бұзаубас, Әжібай бөгет, Әтшібай көбігі, Ерғайбөгет, Шымтезек 
т.б . 
«Жекелеген халықтың, ономастиканын пайда болуы мен дамуында шаруашылық, 
әлеуметтік-экономикалық т.б. факторлар белгілі бір орын алады. Мысалы, антропонимдер мен 
топонимдер жүйесінде, түркі халықтарында үй жануарларының атынан жасалған атаулардың 
көптеп кездесуі - халықтық бар өмірінің сол мал шаруашылығымен тығыз байланысты 
болғандығын көрсетеді» (97, 102).
Түрлі этнографиялық факторлардың себебінен сипат алған атаулар топонимикада 
этнодетерминделген топонимдер
деп аталады (13,17). Этнодетерминделудің, көбінесе, жер-
су 
аттарының 
бірқатары 
суармашылықпен 
(ирригациямен) 
тығыз 
байланысты. 
Суармашылықпен байланысты Батыс Қазақстанда да табиғи су көздерін (өзен, көл, бұлақ, 
бастау т.б.), сонымен бірге қолдан жасалған жасанды су көздерін (құдық, арық, көбік, тоған, 
бөгет, өткел) егіншілік мәдениетінде пайдалану кең етек алды.
Қазақ этносы орналасқан жерлерде 
айдын, жыра, бөгет, құдық, сай, көл 
т.б. су 
көздерінің атауларында, ру аттарына байланысты патронимдік жүйе сақталған. Мұндай су 
көздерінің атаулары негізінен қазақ ру- тайпаларының, ру басыларының, ел ішіндегі танымал 
адамдардың, сондай-ақ сол жерлерді мекендеген адамдардың аттарымен аталған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет