Бағырлай
деген өзен бар.
Мағынасы -
құрақ тектес аласа шөп
(45, 15, ІІ т.). Бұл топоним жер бауырлап өсетін шөптің
(
бауырлай // бағырлай
) атауы негізінде қалыптасқан.
Бірқазан
-
Орда ауданындағы елді мекен.
Мағынасы-
Қалталы, ұзын
тұмсықты ірі су құсының аты.
Бұл сөздер күнделікті тіліімізде
қолданыла бермейді. Сондықтан олардың мағынасы да бірте-бірте күңгірттеніп, жалпы
халыққа түсініксіз бола бастайды. Көптеген топонимдер өзінің бойында халқымыздың өткен
өмір тіршілігінің бейнесін сақтап, жалпы халықтық сипатта жиі қолданылмайтын, жер
атауының ғана қызметінде қолданылғанмен, мағынасы баршаға күңгірт болып қала беретін
осындай сөздерді жоғалтпай сақтап келеді. Бірақ олардың көбі семантикалық, грамматикалық
даму барысында, қолданылу аясында көптеген өзгерістерге ұшырағандықтан, терең
этнолингвистикалық зерттеуді қажет етеді.
Сондай-ақ, Казталовка ауданында
Аша,
Сырым ауданында
Үшаша
елді мекені бар.
Жергілікті халық қазір
аша
сөзінің мағынасын түсінбеуі мүмкін. Бұл сөз
«екі не одан да көп
тармаққа айрылып шыққан ағаш
»
(45, 511, Ү т.) ұғымын береді. Ертеде халық осындай ағашты
шөп маялайтын айыр орнына пайдаланған. Бірте-бірте
Аша
атауы тұрмыстық құралға
айналған. Алайда, бұл құралдың жетілдірілген темір түрі (айыр) пайда болғаннан кейін,
Аша
атауы халық арасында ұмытыла бастады. Оның бастапқы мағынасы бізге қазір осы топонимдер
арқылы жетіп отыр. Мысалы, Ақжайық ауданында
Борық
елді мекені -
сулы жерде өсетін
жұмсақ, сүйрік тамырлы, қамыс тәрізді өсімдік (
45, 377, ІІ т.) мағынасынан қалыптасқан атау.
Бүгінгі ұрпақ
борық
сөзінің де мағынасымен топоним арқылы танысып отыр. Осындай
географиялық атаулардың бастапқы мағынасын табу арқылы сол жердің бедерін, флорасы мен
фаунасын т.б. ерекшеліктерін елестете аламыз. Мысалы, Ақжайық ауданында
Достарыңызбен бөлісу: |