ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


АХМЕТЖАН – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына  байланысты қойылған.  АША



Pdf көрінісі
бет153/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АХМЕТЖАН
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған. 
АША
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Аша сөзінің түп мағынасы екі не одан да 
көп тармаққа айырылып шыққан ағаш ұғымын береді. Ертеде халық осындай ағашты шөп 
маялайтын айыр орнына пайдаланған. Соның нәтижесінде аша атауы тұрмыстық құралға 
айналған. Бірақ Батыс Қазақстан облысында аша шөп маялайтын құрал ретінде 
қолданылмайды жіне айырды аша деп те атамайды да. Оның негізгі себебін бұл құралдың 
жетілдірілген темір түрі – айырдың пайда болуымен байланыстырған дұрыс. Тұрмыста 
қолданылмағандықтан аша атауы халық арасында да ұмытыла бастады. Оның түп мағынасы 
қазіп жер-су атаулары арқылы жетіп отыр. 
АШАКӨЛ
– Жәнібек ауданындағы көл. Сыртқы пішіні ашаға ұқсағандықтан халық 
көлді осылай атаған.
АШЫҚБАЗ
– Казталовка ауданындағы жер аты. Батыс Қазақстан облысында қора, 
қотан атауымен қатарлас орыс тілінен енген баз, кашар сөздері де жиі қолданылады. Мына 
топоним осы сөздердіңқатысымен жасалған. 
АЩЫ
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы өзен атауы. Гидроним өзен суының 
ерекшелігіне байланысты берілген.
АЩЫБҰЛАҚ
– Шыңғырлау ауданындағы өзен. Бұлақ терминінің қатысымен жасалған 
гидронимдер Батыс Қазақстан облысында көп емес. Әдетте, бұлақ таулы жерде көп кездеседі. 
Ал Батыс Қазақстанда таулы массивтер жоқтың қасы. Бұлақ детерминативті Батыс Қазақстан 
облысы территорияында да қосымша мағынаға ие болып, өзен, сай мағынасын береді. Мысалы, 
Талдыбұлақ, Ащыбұлақ, Базарбұлақ, Бекжанбұлақ т.б. Керісінше, облыс территориясында 
басқа аймақта сирек қолданылатын немесе кездеспейтін самар, қопа, қамыс сияқты терминдер 
көбірек ұшырасады. Ал көбік, құлақ сияқты детерминативтері тек Батыс Қазақстан облысы 
территориясында ғана кездеседі. 
АЩЫҚАРА
– Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің саласы. Жаз айларында 
өзеннің суы үзіліп қалғандықтан, ащы, малға жарамсыз болады. Гидроним құрамындағы қара 
сөзі су ұғымын береді. 
АЩЫҚОРА
– Жалпақтал ауданындағы елді мекен.бұл атаудың құрамындағы қора 
детерминативі жайылыс, жайлау ұғымын беріп тұр. Соның негізінде, Ащықора – суы ащы, 
малға жайсыз қоныс деген сөз. 
АЩЫҚҰДЫҚ
– Казталовка, Қаратөбе ауданындағы жер аттары. Құдық – Батыс 
Қазақстан облысы топонимдері құрамында көп кездесетін детерминативтің негізгілерінің бірі. 
Құдық мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып жүрген, көбінесе шөлейт аймақтарды 
қоныстанған, негізінен табиғи және экологиялық резервацияға ұшыраған қазақтар үшін 
күнкөрістің негізгі факторы болып саналады. 
Құдық детерминативінің қатысымен жасалған топонимдер Батыс Қазақстан облысының 
барлық аймағында кездесе бермейді. Олар, негізінен, суға тапшы оңтүстік аудандарда молынан 
кездеседі. 
Сусыз аймақты мекендеген қазақтардың құдық қазу ерекшеліктері де арнайы зерттеу 
өзегі бола алатын тақырып. Оладың тұрмы-тіршіліктерінің ерекшеліктері құдық түрлеріне 
сәйкес сипатталады. Қолда бар материялдық дүниені пайдалана отырып, көшпенділер құдықты 
бірнеше жылға жететіндей етіп қазуға тырысқан. Осының нәтижесінде құдықтың шегенқұдық, 
тасқұдық, айбарқұдық, құмқұдық, шыңырау, қайнарқұдық сияқты түрлері пайда болған. Соңғы 
екеуі біздің өлкеде кездеспейді. Олардың бірі жері тасты, сусыз аймақта, ал екіншісі ылғалы 
мол өлкеде ұшырасады. Демек, шөл және шөлейт аймақтардағы басты гидрографиялық 
объектілер бабаларымыздың көнеден жеткен соны іздеріндей болып, қазақ даласында жүздеп-
мыңдап кездесетін құдықтар болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет