АЛАТАУ
– Сырым ауданындағы таудың аты.
АЛАКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Суы тайыз, кейбір жері көрініп
жатқандықтан Алакөл атанған.
АЛҒАШ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Тарихи оқиғаға байланысты берілген
атау.
АЛҒАБАС
– Ақжайық, ырым ауданындағы елді мекен мен Теректі ауданындағы темір
жол бекеті. Кеңес үкіметі кезінде жаңадан құрылған шаруашылықтарға берілген жасанды атау.
АЛЕБАСТРОВО
– Теректі ауданындағы елді мекен, орыс переселендерінің көшіп
келуіне байланысты қалыптасқан атау.
АЛЕКСАНДРОВКА
– Бөрлі ауданындағы елді мекен.
АЛЕКСЕЕВКА
– Теректі ауданындағы елді мекен.
АЛМАЗНОЕ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Осы елді мекенге жақын
орналасқан Алмастау атауына байланысты қойылған.
АЛМАНСАЙ
– Жәнібек ауданындағы гидроним. Адам атына байланысты қойылған.
АЛМАЛЫ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Еліміз тәуелсіздік
алған 1991 жылдан бергі уақытта қалыптасқан топоним, бұрынғы атауы – Котельникова. Алма
ағашы көп жер деген тура мағынасында қойылған.
АЛМАСТАУ
– Шыңғырлау ауданындағы таудың аты.
АЛТАЙБАЗ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған.
АЛТЫҚАШАР
– Жәнібек, Казталов ауданындарындағы елді мекендер. Қараңыз;
Алтықора.
АЛТЫҚОРА
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Кезінді мал
шаруашылығын тиімді ұйымдастыру мақсатында, отарларды бір-біріне жақын орналастыру
арқылы шағын кешендер құру әдісі жүзеге асырылған. Топоним осындай комплекті атау үшін
қолданылған.
АЛТЫНҚАҚПА
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Қақпа сөзінің
қатысымен жасалған жер атаулары осы өңірде бар. Қақпа сөзі бұл жерлерде көне вариантта да
қолданылған. Соның куәсі – Базартөбе, Базаршолан атаулары. Сөздікте олардың этимологиясы
толық түсінік берілген. Қараңыз; Базаартөбе, Базаршолан.
Достарыңызбен бөлісу: |