ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет145/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АҚҚУРАЙ
– Казталовқа ауданындағы елді мекен. Осы жерлерді орыс қазақтар 
мекендеген кезде 
Шильная балка
деп өзгерткен.
АҚҚЫСТАУ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
АҚҚҰДЫҚ
– Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы елді мекен.
АҚМЕШІТ
– Сырым, Теректі аудандарындағы елді мекен. Осы топонимнің 
құрамындағы 
ақ
сөзі екі түрлі мағынаны білдіре алады: 1) Қасиетті ұғымдарды беретін 
таза, 
кіршіксіз, пәк, адал
сөздерінің баламасы ретінде; 2) Мешіттің неден жасалғанын
өрнектелгендігін көрсететін (
ақ, гипс, мәрмәр,
әктас
) сөз ретінде. Осы екі мағынаның 
алдыңғысы дәйектірек көрінеді. Әдетте, дін бар жерде тазалық, адалдық болатыны заңды. 
АҚМЕКТЕП
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Бұл атаудың құрамындағы ақ сөзін 
алдыңғы атаумен салыстыруға болмайды. Бұл жердегі ақ сөзі өзінің номинативті мағынасында 
қолданылып тұр. Қазақ даласында ашыла бастаған мектептер басқа үйлерден ерекшеленіп, ақ 
бормен әкелетін болған. Топоним осыған байланысты қалыптасқан. 


96 
АҚМЕТЖАН
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған. 
АҚМЫРЗА
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған.
АҚМОЛА
– Шыңғырлау, Теректі аудандарындағы елді мекен. Топонимнің 
құрамындағы ақ сөзі номинативті мағынада қолданылып, моланың түсін беріп тұр. Себебі, 
облыстың топожүйесінде 
Шошақмола, Тасмола

Арамола, Көкмола
сияқты атаулар кездеседі. 
Топонимнің екінші сыңарындағы мола сөзі ертеде елді мекен атауы ретінде қолданылмағаны 
белгілі. 
Мола, бейіт,
зират, оба
тотемдік атаулар болып саналады. Бірақ кейіннен 
мола, оба
сөздері сындық белгіні білдіретін сөздермен тіркесіп, жер-су атаулары тобын толықтырған. 
Мола
сөзі ертеде 
қорған, қамал
ұғымын да берген. Себебі, мола қоршалып, онда тек бір 
рудың немесе тайпаның мүшелері ғана жерленген. Әдетте, мола ауыл бар жерде ғана болған. 
Кейін мола сөзі осы мағынасынан айырылып, бір ғана ұғымда қолданыла бастаған. 
Ақмола
атауы – мола сөзінің елді мекенді білдіре алатындығының белгісі. Мұның барлығы облыс 
топожүйесі құрамының күрделі сипатта екендігін көрсетеді. Халықтық салт-сананың кейбір 
көріністері осындай тотемдік ұғымдарға байланысты қойылған топонимдерде де кездесіп 
отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет