АҚТОМАР – Ақжайық ауданындағы тоғайдың аты.
АҚТАУ – Тасқала, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекен. Топоним сол жерлерден
шығатын ақ саз балшыққа қатысты берілген.
АҚШАТТАУ – Сырым ауданындағы елді мекен. Бұршақ тұқымдасына жататын
ақшаттай деп атайды. Соңғы дыбыстың өзгерісіне ұшыраған.
АҚШОЛАН - Сырым ауданындағы тау мен елді мекен аты.
АҚШОЛАҚ ӨЗЕГІ – Қаратөбе ауданындағы гидроним. Өзек деп өзендерге су қуатын
аңғарды айтады. Ақшолақ өзегін 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында өмір сүрген
Жымпиты уезі Соналы болысының аға сұлтаны, Алаша тайпасының Кенжеғара руынан
шыққан Ақшолақ бай қаздырыпты. Қалдығайты өзенінен осы өзек арқылы өзінің жайлауына су
бұрғызып, оған жылқысын суарса керек. Ақшолақ 20 ғасыр басындағы Батыс Қазақстандағы
аса дәулетті байлардың бірі болған. Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толған
тойына арнап 300 текежәуміт арғымақ апарып, орыс патшасының мейіріміне ие болған.
Патшаға жаққан қызметі үшін кезінде суреті шай қағазының бетіне басылыпты. Ақшолақ
туралы деректер жазушы М.Есләмғалиевтің, жергілікті өлкетанушы Қ.Хасановтың
кітаптарында берілген.
АҚШИ – Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы елді мекен. Атау осы жерлерде өсетін
қамыс тектес ши өсімдігіне байланысты қойылған. Жергілікті халық шиді төсеніш орнына
пайдаланған.
АҚШКОЛ – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Қазақ даласында
алғашқы мектептер пайда бола бастаған кезеңдерде қалыптасқан атау. Топонимдер үнемі
қоғаммен тығыз байланысты болып, болып жатқан әлеуметтік, саяси, тарихи және мәдени
оқиғалар топонимдерде тұрақтап қалып отырған. Осыған ұқсас атаулар Сырым, Теректі
98
аудандарында да бар. Қараңыз; Ақмектеп Сырым ауданы, Қызылмектеп Теректі ауданы,
Қарамектеп Ақжайық ауданы.