АЙҒЫРБЕК – Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Жан-жануарларға байланысты
қойылған атау.
АЙДАРЛЫ – Жаңақала ауданындағы көл атауы.
Айдар сөзі қазақ тіліне араб-парсы
тілінен енген көне қалдық болып саналады. Бұл сөз екі бөлімнен тұрады:
аб+дар . Екі сөздің де
беретін мағынасы- су ұғымы. Егер осы сөздерді Қазақстанның оңтүстік аймағында
қолданылатын
дар+ия ,
мұр+аб сөздерімен салыстыратын болсақ, олардың көне төркінін
ажырату қиын емес. Батыс Қазақстан облысы гидронимдерінде (су атауларында)
дария, аб секілді терминдер мүлде кездеспейді. Бұл детерменативтердің көне ізін Жаңақала ауданындағы
Айдарлы , Айдархан гидронимдерінен анық байқауға болады. Демек, осы атаудың
құрамындағы
айдар сыңары- бүгінгі Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимиясында өнімді
қолданылып жүрген
аб және
дария детерменативтерінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі.
АЙДАРХАН – Жаңақала ауданындағы көл және елді мекен атауы.
Айдарлы атауымен
синонимдес.
АЙДЫН – Жаңақала ауданындағы көл.
Айдын сөзі жалпытүркілік сипатқа ие. Бұл сөзді
түркі тілдерінің басым көпшілігінде кездестіруге болады. Белгілі түркітанушы А.М. Щербак
айдын сөзінің этимологиясына төмендегідей анықтама береді: Айдын /-
айлы + түн // ай+түн .
Ай сәулесінің түнде су бетіне түсіп шағылысқан жарығы су бетінің жарқыратып, түбінде
жатқан ай суретінің көрінісін беретіні жоғарыдағы топонимнің пайда болуына негіз болған.
Айдын сөзі көптеген түркі сөздерінде бар. Мысалы, әзербайжан тілінде –
айдын , ұйғыр тілінде-
айдун .
Айдын сөзінің қатысымен қалыптасқан гидронимдер Батыс Қазақстан облысының
Жаңақала ауданында кездесіп отырады. Сондықтан
айдын сөзін су атауы ретінде ғана алып
қарау жеткіліксіз, оны детерменатив ретінде қарастырған дұрыс болады.