АҚБАЛШЫҚ – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Жердің сазды, борлы релифіне
байланысты қойылған атау.
АҚБАҚАЙ – Қаратөбе ауданындағы көл аты. Бұл атау малдың мүшесіне, яғни
бақайдағы белгісіне қарап қойылған. Ел арасында ертеде осы көлді ақбақай ат мекен еткен,
көл атауы содан қалған деген аңыз бар.
АҚБАЙ – Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
АҚБАС – Тасқала ауданындағы елді мекен.
АҚБАЯН – Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
АҚБЕРЛІ – Сырым ауданындағы жер аты, генотопоним. Ақберлі кіші жүздің үлкен
руларының бірі Байбақты руының бір тайпасы.
АҚБОЛАТ – Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопогим.
АҚЖАЙЫҚ – Теректі ауданындағы елді мекен, бұрынғы Ақжайық ауданының
орталығы. Бұл сөз ең алдымен Жайық өзенін атау үшін қолданылған. Кейін Батыс Қазақстан
облысында дәл осылай атаған. Бұл жердегі
ақ сөзі ерке жайық мағынасында халақтың қойған
метафоралы атауы. Жайық өзені бойын мекендейтін жергілікті халық. Оны бірнеше топқп
бөліп атайды. Мысалы,
Атырау- Жайық -өзеннің теңізге құяр саласы,
Ақжайық- өзеннің
жоғарғы ағысы. Айжайық атауын Батыс Қазақстан облысын мекендейтін тұрғындар
қолданады.
АҚЖОЛ – бұрынғы Чапаев ауданының орталығы. Символды топоним.
АҚЖЫРА – Жаңақала ауданындағы өзен атауы, гидроним. Ағынды су ұғымынан
қалыптасқан.
АҚКӨЛ – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы көл және кеншар атауы.
Сөздікте Ақкөл көлінің екінші атауы Сакрыл да қамтылған.
Ақкөл - бетін өсімдік гүлдері
басқан, ағынсыз су. Бұл атаулар құрамында келетін ақ сөзі өзінің тура мағынасында тұр.
АҚКӨЛМЕК – Бөкей ордасы ауданындағы көл
. Көлмек сөзі облыс территориясының
барлық жерінде қолданылады.
Көлмек деп көктем кезінде тасыған су немесе қар суы
жайылатын алқапты атайды. Көлмек жаз айларында кеуіп, шабындыққа айналады. Ал осы
атаудың құрамындағыақ сөзі осы жерде өсетін шөпке (бидайық) байланысты қойылған.
АҚКҮТІР – Тасқала ауданындағы елді мекен.
Күтір – көне түркі сөзі. Орыстіліне
хутор боп ауысқан. Тілімізге әбден кіріп кеткен. Тасқала ауданының жері ақ балшықты болып
келеді. Үйлерін балшықпен майлағанда, бәәрі де әппақ болып көрінеді. Осыған байланысты
Ақкүтір атанған.