ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет140/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АЙБОЛАТ АЙДЫН
– Жаңақала ауданындағы көл атауы. Атау осы көлді жайлаған 
адамның есіміне байланысты қойылған.
АЙҒЫРШАҒЫЛ
– Қаратөбе ауданындағы ойпат пен елді мекен атауы. 
Шағыл 
термині Батыс Қазақстан топонимдері құрамында жиі кездеседі. Оны туыстас түркі тілдері 
(қырғыз, башқұрт, түркімен, т.б.) топонимдері құрамынанда кездестіреміз. Географиялық бұл 
термин Қазақстанның кең байтақ өлкесінде түрлі мағынада жұмсалатынын тиісті 
материалдардан анық байқаймыз. Әдетте, үйіліп қалған құм төбешіктерді Батыс Қазақстанда 
шағыл 
дейді. Көбінесе, осындай құм төбелерге селдір- селдір шөп те шығады. 
Шағыл -
осы 
шөпті төбелердің атауы. 
Шағыл
құмның көшуіне кедергі болып, топ- топ болып, ұйысып 
шығады.
Батыс Қазақстан өңірі топономиясында жиі кездесетін шағыл сөзі жиі қолданылып
бірте-бірте детерменативтер (
топоним жасайтын терминдерді осылай атайды –Ұ.Е.) 
қатарына ауысқан.

Орталық Қазақстанда 
шағыл
деп бетін ақ кварцтар жапқан төбешіктерді атайды. 
Шынында да, жер бетінде ақ кварцтарда, құм қиыршықтары да ашық күндері алыстан жалт- 
жалт етіп, күнге шағылысады. Сондықтан 
шағыл
сөзі осы ұғымның негізінде қалыптасқан. 
Жалпы өсімдік атауларының географиялық терминдер қатарын толықтыруы - үнемі 
болып отыратын құбылыс
. Тал, қамыс, қопа, шағыл
сөздерін бүгінгі таңда топонимдер жасай 
алатын толық мағыналы сөздерін детерменативтер қатарына қосуға болады. Сондықтан Батыс 
Қазақстан облысы жер-су атауларының құрамындағы өсімдік атауларының қатысымен 
қалыптасқан 
фитотопонимдер
облыс топонимиясының дамуына игілікті әсерін тигізіп тұр, 
географиялық объектілердің флоралық сипатын айқындап отырады.


93 
Осы атаудың құрамындағы 
айғыр
сөзі өзінің тура мағынасында емес, 
«үлкен», «зор»
мағынасында қолданылып, аталмыш географиялық нысанның көлемін беріп тұр. Демек, 
Айғыршағыл 
– көлемі үлкен құмды жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет