Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата13.08.2017
өлшемі53,8 Kb.
#23611
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні: сыныбы:6 «а»
Сабақтың тақырыбы:         Етістіктен өткенді қайталау.   

     Сабақтың мақсаты:



білімділік - етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білу дағдыландыру;

 дамытушылық - тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын,  байқағыштық қасиеттерін дамыту;

 тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жұмыстар, СТО.

 Сабақтың көрнекілігі:

 тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар.

                          Сабақтың барысы.

         -Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру.

Оқушыларды түгенде 

     


Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.

"Есімше" тобының  таныстыруы 

Етістіктің ерекше бір түрімін,

Ерекше боп жаратылған гүлімін,

Екі түрлі қызметте жұмсалып,

Толықтырам оқушының білімін.

Анықтауыш, баяндауыш, бастауыш

Қызметінде бірінен соң бірімін.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек,

-атын, -етін, -йтын, -йтін және де

қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р  деп

Жұрнақтарым толықтырар ілімін.

Есімшемін ел осылай мақтайтын,

Қылығым жоқ қазақ тілі даттайтын.

Шәкірттерге берерім мол, пайдам да,

Еліміздің аманатын ақтаймын.

"Көсемше" тобының таныстыруы

Көсемшемін, көріңіздер дара тұлғам,

Етістіктен ерекше жаратылғам.

Екі түрлі қызметті мен де атқарам:

Үстеу және етістік санатынан

-а, -е, -й, -ып, -а  деген жұрнақтарым

Қолдансаң сөз тудырады  қанатынан.

-қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтарым

Тұлғасы жіктелмейтін тарапынан.

Мен қалай қанатымды қақтырмаймын,

Оқып білмей, оңайлықпен таптырмаймын.

 Көптік, септік, тәуелдік аталатын Жалғауларды жалпы мен жақтырмаймын.

 

         -Үй тапсырмасын сұрау. 



        - 1.  Сен маған, мен саған . (сұрақ-жауап)

        - Тест.          

 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.

 1 .Етістіктің сұрағы.     а) Кім?       э) Не істеді?        б) қалай?

2.Болымсыз етістік жұрнақтары қайсысы?

а) -у               ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе                 б) -ып, -іп, -п   

3."Сөйлеп тұр", "жүріп келе жатыр" құрамына қарай қандай етістікке жатады?

а) дара етістікке         ә)тұйық етістікке       б) күрделі етістікке

4. Екі етістің  түріне ортақ жұрнақтарды ата.

а) —ыл -іл, -л       э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз            б) -ын, -ін, -н

5.Көсемшенің  жұрнақтарын  көрсет.

а)-қалы, -келі, -галы, -гелі                ә)-а,-қалы,-ыс.               б) –ын,-ін,-атын.

6.  Мына жұрнақтар қай етістікі.  –ғыз, гіз,-т, -дыр,-дір.

а)ырықсыз етіс                ә) өздік етіс                 б) өзгелік етіс

7.  Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.

а)сабақты етістік        ә) салт етістік     б) есімше

8.Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?

а)  Сабаққа үнемі дайындалу керек.

ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.

б) Көсеуді пештің қасына қойды.

9.Есімшенің жұрнақтары. А. –ын,-ған,     Ә.-ген,-а,-е.  Б.-ар,-ер,-р.

10.Етістің  неше түрі бар .  А.төрт.  Ә.үш.  Б.төрт.

 

 2.  Салт-дәстүрім - тірегім.



1-топ. Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айтып, етістіктерін тауып, жан-жақты талдайды.Тұйық етістікті  сипаттайды.

2-топ. Қазақтың тыйым сөздері мен жұмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.

 

Сергіту сәті. Отыр, тұр,  жатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, әр түрлі жаттығулар жасалады.
         4.            Оқулықпен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырма: парақшамен жұмыс.

Келесі тапсырма: 265-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Дара және күрделі етістіктерді ажыратып, күрделі етістіктің құрамын анықтаңдар.

              



5.Перфокартамен жұмыс.

6. 267-  жаттығу. Есімшелерді бір бөлек, Көсемшелерді бір бөлек жазу.

 

7. Топтастыру.             Есімше.      Көсемше.

Келесі тапсырма: 268-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңдар.

 

Оқушылардың өзді-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.



Сабақтың қорытындысы:

1.  Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

2, Оқушылардың білімін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: 266-жаттығу.

 

Перфокартамен     жұмыс.



 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет