Сламжанова Аружан Сұрақтар
61. Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларын кластерге түсіріңіз, әр технологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап жазыңыз.
6 2. Блум таксономиясының деңгейлерін, оқу әрекетін, етістіктерін кестеге түсіріңіз. Төменгі деңгейлері бойынша «Қазақ тілі» 6-сыныпқа арналған тапсырма әзірлеңіз.
6-сыныпБлум
Өздерің тұратын елді мекендегі бірігу тәсілімен жасалған жер-су аттарын жинап, олардың жазылуын есіңізде сақтаңыз.
Өздерің тұратын аймақтың экологиялық мәселелерін анықтаңыз. Ақпарат көздеріне сілтеме беріңіз.
Көпшілікке танымал табиғи орындар туралы қазақ ақын жазушыларында кездесетін сипаттаулардан үзінді жинаңыз. Жиналған үзінділерді жіктеңіз.
Тілші ғалым Р.Сыздықтың еңбектері туралы ақпарат жинаңыз. Баға беріңіз
Ә.Қайдардың «Халық даналығы» кітабынан отбасындағы тәрбиеге қатысты бес мақал-мәтелді таңдап алып, мағынасын ашып жазыңыз.
Қазақ халқындағы қасиетті сандар жайлы ақпарат жинаңыз. Өзіңіз үшін киелі болып саналатын сандарды қосыңыз. Не үшін киелі екенін дәлелдеңіз.
63. Дамыта оқыту технологиясын пайдаланып лексиканы оқытуға арналған тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз.
Мысалы: Зейін Ақышевтың “Жаяу Мұса” әңгімесінде ұлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. “Өзің аттас” деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сұрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, ұлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.
Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер?
Әңгімеде “Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын”, “Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір” деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?
Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?
Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? Т.с.с. Оқушылар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады
64. Интербелсенді әдістер арқылы топтық, ұжымдық, жұптық тапсырмалар орындатудың шарттарын сипаттаңыз. Фонетиканы оқыту үшін жүргізілетін топтық, ұжымдық, жұптық тапсырма дайындаңыз.
65. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын морфологияны оқытуда пайдаланудың басымдықтарын айқындаңыз. Зат есімнің түрленуін оқыту үшін деңгейлік тапсырмалар әзірлеңіз.
66. Қазақ тілі пәнінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуды талдап жазыңыз. Қазақ тілі сабағында «Сократтық семинар» әдісін пайдалануға мысал келтіріңіз.
67. Қызықты грамматиканың маңызын саралаңыз. Сан есім, үстеу, етістікті меңгертуде қолданылатын қызықты грамматика тапсырмаларына мысал келтіріңіздер.
68. Тілдік амал-тәсілдерді меңгерту жолдарын зерделеңіз. Метафораны меңгертуге арналған тапсырмалар дайындаңыз.
69. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтауды үйретудің тиімді әдістерін сипаттаңыз. Баяндау және сипаттау мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға мысал келтіріңіз.
70. Мәтіндерді түзету және редакциялау жұмыстарының тиімділігін жүйелеп жазыңыз. Баспасөз материалдарын пайдаланып редакциялау жұмыстарын жүргізу үлгісін көрсетіңіз.
71. Жаңа оқулықтардағы жазылым тапсырмаларын сипаттап, тапсырма түрлерін жүйелеңіз. Жай сөйлемді оқытуға қатысты жазылым тапсырмаларын әзірлеңіз.
72. Жұрт алдында сөйлеуге машықтану тәсілдерін талдап жазыңыз. Жұрт алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыратын тапсырмаларға мысал келтіріңіз.
73. «Қазақ тілі» 6-сыныбының жазылым тапсырмаларын талдаңыз. 2 жазылым тапсырмасының критерийлері мен дескрипторларын құрыңыз.
6-сынып Қазақ тілі оқулығының жазылым тапсырмалары Блум таксономиясына ыңғайластырып жасалған. Сұрақтар деңгей бойынша құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |